«Анадолы» агенттігі тілшісінің мәліметінше, Ливанның оңтүстігіндегі Джеззин қаласының маңында Израильдің әуе соққысы бір көлікке тиіп, салдарынан үш журналист мерт болды.
Қаза тапқандардың арасында «Al-Manar TV» тілшісі Әли Шуайб, «Al-Mayadeen» тілшісі Фатима Фатуни және бір оператор бар. Израиль армиясы Әли Шуайбтың өлтірілгенін мойындағанымен, қалған екі журналистің өліміне қатысты қандай да бір пікір білдірмеді.
Бұған дейін Ливанның Ұлттық ақпарат агенттігі Джеззиндегі әл-Барад жолында бір көлікке Израильдің әуеден соққы бергенін хабарлаған болатын, бірақ егжей-тегжейлі мәлімет бермеген еді.
Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, Израиль сенбі күні таң атқаннан бері 42 елді мекенді, қала мен аймақты (көбінесе оңтүстікте) әуеден және артиллериядан атқылаған. 2 наурызда басталған Израильдің Ливанға қарсы шабуылында, Ливан Денсаулық сақтау министрлігінің соңғы мәліметтеріне сәйкес, кем дегенде 1142 адам қаза тауып, 3315 адам жараланды.











