ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Есепке сәйкес, Израиль шабуылдарын бастаған 2023 жылғы қазаннан бері Газа секторында 18 жасқа толмаған 21 745 бала қаза тауып, 46 мың бала жараланған.
Геноцидтің ең ауыр зардабын тартқан Газа балалары
Палестиналық балалар (REUTERS) (МҰРАҒАТ).

Халықаралық гуманитарлық құқық балаларды қорғауды міндеттегенімен, Газа секторында бұл қағидалар сәбилер мен балаларды қорғай алмай отыр.

Израильдің соғыс қылмыстары жалғасып жатқан аймақта соғыстың ең ауыр зардабын сәбилер мен балалар тартуда.

21 745 бала қаза тапты

Адам құқықтарын қорғау орталығы шабуылдардың үшінші жылында жариялаған балалар өлімі туралы есебінде соғыстың балаларға тигізген ауыр зардабын көрсетті.

Есепке сәйкес, Израиль шабуылдарын бастаған 2023 жылғы қазаннан бері Газа секторында 18 жасқа толмаған 21 745 бала қаза тауып, 46 мың бала жараланған.

Жараланған 46 мың баланың 11 мыңы алған жарақаттары мен медициналық көмектің жеткіліксіздігінен аяқ-қолынан айырылып, ампутация жасатуға мәжбүр болған.

123 бала аштықтан қаза тапты

2023 жылғы қазаннан бері жалғасып келе жатқан геноцид барысында адамдарды өлтіру үшін бомбалаумен ғана шектелмеген Тель-Авив билігі аймақта жүйелі түрде аштыққа ұшырату саясатын да жүргізді.

Израильдің үздіксіз шабуылдары мен қатаң блокадасы, сондай-ақ негізгі азық-түлік пен медициналық құралдардың жеткізілуіне кедергі келтіруі салдарынан Газадағы гуманитарлық дағдарыс тереңдей түсті. Осы уақытқа дейін кемінде 123 бала аштықтан қаза тапты.

293 жаңа туған нәресте қаза тапты

Қаза тапқан 21 мыңнан астам баланың мыңнан астамы бір жасқа толмаған сәбилер. Соғыс жаңа туған нәрестелердің де өмірін қиды.

2023 жылғы қазаннан бері Газа секторында 293 жаңа туған нәресте соғыс әкелген ауыр жағдайлардың салдарынан көз жұмды.

Соғыс жағдайында дүниеге келген сәбилер жеткіліксіз тамақтану, оттегінің жетіспеуі және суықтан үсу сияқты себептерден қаза тапты.

300 мың бала жеткіліксіз тамақтанудан зардап шегіп отыр

Балалардың өмір сүру құқығы аяққа тапталған Газада аман қалған балалар да аштық пен жеткіліксіз тамақтануға қарсы күресуге мәжбүр.

Есепте бес жасқа толмаған 300 мыңға жуық баланың жеткіліксіз тамақтанудан зардап шегіп отырғаны айтылған.

Сондай-ақ есепте балалардың құқықтары өрескел бұзылып жатқан Газа секторында Израильдің жасаған соғыс қылмыстары мен адам өліміне қатысты тәуелсіз әрі ашық тергеу жүргізу үшін халықаралық қауымдастыққа үндеу жасалды.

Адам шығынының көбеюіне жол бермеу үшін қажетті азық-түлік пен дәрі-дәрмекті жеткізу, сондай-ақ аймаққа гуманитарлық көмектің кіруін қамтамасыз етуге бағытталған шаралар қабылдауға шақырды.

Сонымен қатар науқас және жараланған балаларды шетелде емдеу үшін Газа секторынан шығаруды қамтамасыз ету қажеттігі атап өтілді.

Израильдің 2023 жылғы қазаннан бері Газа секторына жасаған шабуылдарынан 74 мыңнан астам адам қаза тауып, 175 мыңнан астам адам жараланды. Үйінділердің астында әлі де мыңдаған адамның мәйіті жатқаны хабарланып отыр.

Іздеу
“OpenAI” бас директоры жасанды интеллектінің пайдасы кейбір тәуекелдерге тұрарлық деп санайды
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Израиль 2023 жылдан бері Батыс Шерияға 63 мыңға жуық шабуыл жасады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам
Трамп Түркияға бағытталған CAATSA санкцияларын алып тастауға оң көзқарас танытты
Трамп: "Иран мәселесі шешілсе, мұнай бағасы төмендейді"
Бельгияда бомба туралы хабарламаға байланысты 1700 оқушы эвакуацияланды
Шушада Түркия, Әзербайжан және Грузия ынтымақтастығы талқыланды
TİKA Эфиопияда киберқылмыспен күрес бойынша оқу бағдарламасын өткізді