ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Бельгияда бомба туралы хабарламаға байланысты 1700 оқушы эвакуацияланды
Ақпараттың рас-өтірігі әзірге анықталған жоқ.
Бельгияда бомба туралы хабарламаға байланысты 1700 оқушы эвакуацияланды
Бельгияның Мехелен қаласындағы «Ursulinen» мектебі

Бельгияның Мехелен қаласындағы «Ursulinen» мектебіне бомба қойылғаны туралы ақпарат түскеннен кейін, билік 1700 оқушыны эвакуациялады.

«RTV» ұлттық телеарнасының хабарлауынша, түскі үзіліс кезінде мектепке қоңырау шалған белгісіз адам алдын ала жазылған аудиожазба арқылы бомба туралы хабарлаған.

Полицияға ақпарат берілгеннен кейін оқиға орнына арнайы топ жіберілді. Полиция аумақтағы көлік қозғалысын тоқтатып, арнайы үйретілген иттің көмегімен мектеп ғимараттарын тексеруге кірісті.

Балабақша, бастауыш және орта мектеп деңгейінде білім алып жатқан 1700 оқушы қауіпсіз жерге көшіріліп, мектеп маңындағы шіркеуге жеткізілді.

Оқушылар уақытша шіркеуге орналастырылды. Бомба туралы хабардың қаншалықты шындыққа жанасатыны әлі анықталған жоқ.