САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Украина президенті Германия канцлерімен өткен келіссөздер барысында Берлиннің Украинаға  шамамен 1,46 миллиард доллар көлемінде жаңа қолдау пакетін ұсынғанын мәлімдеді.
Украина мен Германия 15 келісімге қол қойды
Президент Зеленский Германия канцлері Фридрих Мерцті күтіп тұрған сәтте БАҚ өкілдерімен сөйлесіп тұр. Киев, Украина, 4 қазан 2026 жыл. / Reuters

Украина президенті Владимир Зеленский жексенбі күні Киевте Германия канцлері Фридрих Мерцпен өткен келіссөздер барысында Берлиннің Украинаға  шамамен 1,46 миллиард доллар көлемінде жаңа қолдау пакетін ұсынғанын мәлімдеді.

Зеленский “X” әлеуметтік желісінде жасаған мәлімдемесінде пакетке қару-жарақпен қатар қыс қарсаңында Украинаның энергетика секторына көрсетілетін қолдау да кіретінін айтты.

Украина басшысы екі елдің 15 келісім мен құжатқа қол қойғанын, олардың басым бөлігі қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастықты, қорғаныс өндірісін, жеткізілімдерді, Германия өнеркәсібіне берілетін тапсырыстарды және Украинадағы бірлескен жобаларды қамтитынын айтты.

«Бүгін қол қойған келісімдеріміздің жалпы құны 8,5 миллиард еуродан асады», - деді Зеленский.

Ол сондай-ақ ұшқышсыз ұшу аппараттарына қарсы бірлескен күрес саласындағы ынтымақтастықты кеңейтуге бағытталған жеке келісімге де қол қойылғанын мәлімдеді.

Мерц алдын ала жарияланбаған сапар аясында жексенбі күні таңертең Украина астанасы Киевке келді.

Зеленский сондай-ақ АҚШ-тың төрт жарым жылдан бері жалғасып келе жатқан соғысты тоқтату мақсатында Украина мен Ресей арасындағы келіссөздердің жаңа кезеңіне арағайын болғысы келетінін мәлімдеді.

Украина президентінің айтуынша, Вашингтон келіссөздерді қазан айының соңына дейін өткізуді ұсынған.

«Америка тарапы қазір Украина және Ресеймен байланыста және қазан айының соңына дейін техникалық деңгейде үшжақты форматта кездесу өткізуді ұсынып отыр», – деді Зеленский журналистерге.

ҚатыстыTRT Қазақ - Германия канцлері Мерц Путинді «Украинадағы соғысты тоқтатуға» шақырды
Іздеу
Ресейде зертхана қызметкерінің өлімі обаға қатысты күдік туғызды
77-Халықаралық ғарыш конгресі Анталияда басталды
Ми бірнеше тапсырманы қатар орындау үшін өзін қайта бағдарлай алады
Cтамбул әуежайы Еуропадағы ең көп рейс орындалатын әуежай болды
Ғарыш саласындағы ынтымақтастық үшін Түркияның бастамасымен  Анталия декларациясына 21 ел қол қойды
Президент Ердоған: «Экспортта тарихи рекорд орнаттық»
Ердоған: "Түркия қорғаныс өнеркәсібінде толық төңкеріс жасап жатыр"
Түркия мен Франция арасындағы қорғаныс ынтымақтастығында маңызды қадам
Трамп Түркияға бағытталған CAATSA санкцияларын алып тастауға оң көзқарас танытты
Трамп: "Иран мәселесі шешілсе, мұнай бағасы төмендейді"
Бельгияда бомба туралы хабарламаға байланысты 1700 оқушы эвакуацияланды
Шушада Түркия, Әзербайжан және Грузия ынтымақтастығы талқыланды
TİKA Эфиопияда киберқылмыспен күрес бойынша оқу бағдарламасын өткізді
Конго Демократиялық Республикасында Эбола індетінен 3 982 адам қаза тапты
Францияда лицей оқушыларының наразылығына байланысты 1793 адам қамауға алынды