САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ Ирактың қауіпсіздігін қолдау үшін 800 миллион долларлық сауданы мақұлдады
Аталған келісім аясында Иракқа тікұшақ, пулемет, ракеталық жүйелер мен сенсорлық жабдықтар сатылады.
АҚШ Ирактың қауіпсіздігін қолдау үшін 800 миллион долларлық сауданы мақұлдады
АҚШ Ирактың қауіпсіздігін қолдау үшін 800 миллион долларлық сауданы мақұлдады / AP

АҚШ Сыртқы істер министрлігі АҚШ-тың Иракқа бағытталған “Bell 412EPX” мен “Bell 407M” тікұшақтарын және оларға қатысты жабдықтарды қамтитын 800 миллион долларлық әскери сауданы мақұлдағанын жариялады.

Аталған топтамаға тікұшақтар, “GAU-19” үш ұңғылы пулеметтері, ракеталық жүйелер, электро-оптикалық/инфрақызыл сенсорлар, зымырандардың ұшырылуын анықтау жүйелері, рациялар, қосалқы бөлшектер мен жердегі қолдау жабдықтары кіреді.

Министрліктің мәлімдеуінше, сату топтамасы сондай-ақ ұшқыштар мен техникалық қызмет көрсетуді үйретуден бөлек, АҚШ үкіметі мен мердігер компаниялардың инженерлік, техникалық және логистикалық қолдауын да қамтиды.

Министрлік осы келісімнің стратегиялық серіктестің қауіпсіздік әлеуетін нығайту арқылы АҚШ-тың сыртқы саясаты мен ұлттық қауіпсіздік мүдделеріне қолдау көрсететінін атап өтті.

Министрліктің хабарлауынша, бұл келісім әсіресе Ирактың айналмалы қанатты (тікұшақ) көлік, барлау және әуеден жерге нысанаға алу мүмкіндіктерін дамытып, елдің қазіргі және болашақтағы қатерлерге қарсы әрекет ету қабілетін арттыруды көздейді.

Іздеу
Қазақстанда Құрылтай сайлауынан кейін үкімет таратылды
Өзбекстанда Тәуелсіздік мерекесіне орай рақымшылық жарияланды
Түркияның экспорты  25,6 миллиард долларды құрады
АҚШ президенті Трамп: «Ресей НАТО территориясына шабуыл жасамайды»
Газада азық-түлік тапшылығы ушығып барады
АҚШ президенті Трамп: «Иран — күйреп жатқан ел»
Израиль күштері Сирияға артиллериялық соққы жасады
Түркия және Қазақстан президенттері сөйлесті
Иран мен Катар сыртқы істер министрлері кездесті
Ресей Ұлыбританияның әскери базаларына соққы беруі мүмкін екенін ескертті
Ресей Украинамен бейбіт келіссөздерге қатысты мәлімдеме жасады
Ресей мұнайы Қазақстанда өңделеді
Түркия Қорғаныс министрлігі: «YPG-нің таратылуы — маңызды қадам»
Ресей румыниялық дипломатты «персона нон грата» деп жариялады
Малатияда «Алтын өрік» шахмат турнирі өтіп жатыр