ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
«TÜRGEV» «Нөлдік қалдық» фестивалінде жастарға тұрақты өмір сүру мәдениетін дәріптейді
Түркия Жастар мен Білім беру қоры («TÜRGEV») 4-7 маусым күндері Стамбулда өтетін «Нөлдік қалдық» фестивалі аясында жастарға экологиялық сана, қайта өңдеу тақырыптарында шеберлік сабақтарын өткізеді.
«TÜRGEV» «Нөлдік қалдық» фестивалінде жастарға тұрақты өмір сүру мәдениетін дәріптейді
«Нөлдік қалдық» жобасы

Түркия Жастар мен Білім беру қоры және Түркияның Энергетика және табиғи ресурстар министрлігі бірлесіп ұйымдастыратын «Энергия тиімділігі – болашаққа бағдар» тақырыбындағы фестивальде «TÜRGEV» арнайы көрме алаңын ашып, түрлі шеберлік сабақтарын өткізу арқылы экологиялық мәдениетті насихаттауға үлес қоспақ.

«Жер – баршамыздың ортақ үйіміз» ұстанымымен өтетін фестиваль барысында экологиялық сана, энергия тиімділігі, айналым экономикасы, қайта өңдеу, климаттық сауаттылық және тұрақты өмір салты тақырыптарында түрлі іс-шара ұйымдастырылады. «TÜRGEV» іс-шараға жастардың қоршаған орта мәселелеріне қатысты білімін арттыруға бағытталған тәжірибелік бағдарламалармен қатысады.

Қор алаңына келушілер нөлдік қалдық қағидаттарымен жақынырақ танысып, балалар мен жастарға арналған шеберлік сабақтары арқылы қайта өңдеу, ресурстарды тиімді пайдалану және экологиялық өмір салты жөнінде ақпарат алады.

Түркияның әртүрлі қаласында білім беру, жатақхана, мәдениет, өнер және әлеуметтік даму бағыттарында жұмыс жүргізіп келе жатқан «TÜRGEV» соңғы жылдары жастардың экология мен тұрақты даму мәселелеріне қызығушылығын арттыруға арналған жобаларға ерекше көңіл бөліп келеді.

Қор жастардың қатысуымен жүзеге асырылған орман жобасы аясында ондаған мың көшеттің отырғызылуына қолдау көрсетіп, жатақханалар мен білім беру орталықтарында нөлдік қалдық, қайта өңдеу және суды үнемдеу бағытында түрлі бағдарламаны іске асыруда.

Сонымен қатар «TÜRGEV» Түркия Ұлттық агенттігінің қолдауымен жүзеге асырылатын халықаралық жобалар аясында әртүрлі елдің жастарын экологиялық бастамалар төңірегінде біріктіреді. Қор ауыл шаруашылығы мен экология салаларындағы жобалар арқылы да қоршаған ортаны қорғауға үлес қосып келеді.

Құрылғанына 30 жыл толған «TÜRGEV»-тің басты мақсаты  ̶  фестиваль аясындағы іс-шаралар арқылы жастардың ресурстарды ұтымды пайдаланатын және тұрақты болашаққа үлес қосатын азамат болып қалыптасуына қолдау көрсету.

Іздеу
Ресей бақылауындағы Донецкте Украинаның шабуылынан жеті адам қаза тапты
Түркия Сыртқы істер министрі  Индонезияда
Түркия ұлттық құрамасы АҚШ-та
Түркия Сыртқы істер министрі Индонезияға ресми сапармен барады
Әлем чемпионатына қатысатын Түркия құрамасының футболшылары белгілі болды
Түркияның ақпарат және байланыс саласы дамуда
АҚШ-тың Айова штатында қарулы шабуылдан жеті адам қаза тапты
Иран өз кемесіне жасалған шабуылға жауап бергенін мәлімдеді
Ердоған: «Түркия шекараларды қантөгіс арқылы қайта айқындауға ұмтылғандарға жол бермейді»
Ұлттық барлау ұйымының басшысы Калын Анкарада ХАМАС делегациясымен кездесті
НАТО Анкара саммитінен нақты нәтиже күтеді
Әзербайжаннан Түркияға 33 миллиард текше метр табиғи газ жеткізу туралы келісімге қол қойылды
Министр Фидан ирандық әріптесі Аракчимен сөйлесті
Түркия Израильдің Ливандағы оккупациясын кеңейтуіне қатаң наразылық білдірді
Израильдің қоқан-лоқысы Бейрутта жаппай эвакуацияға себеп болды