ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі тұрғындарға шекарадан аулақ болуды ескертті
Израиль жалғасып жатқан операцияларға байланысты бейбіт тұрғындарды белгіленген ауылдар мен Литани өзені маңына жақындамауға шақырды.
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі тұрғындарға шекарадан аулақ болуды ескертті
Израильдік әскери көліктер Оңтүстік Ливанда, Израиль-Ливан шекарасына жақын жерде жүріп барады, 2026 жылдың 19 сәуірі. / Reuters
4 сағат бұрын

Израиль армиясы дүйсенбі күні бітімнің күшінде болуына қарамастан Оңтүстік Ливандағы шекара маңындағы аудандар мен кейбір ауылдарға жақындамауға шақырды.

Армияның ресми өкілі Авихай Адраи бірнеше ауыл мен оның маңын қамтитын шептің оңтүстігінде бейбіт тұрғындардың «қозғалуына тыйым салынғанын» мәлімдеді. Адраи “X желісіндегі жазбасында Оңтүстік Ливандағы бірнеше жерді атап өтті.

Сондай-ақ ол Литани өзеніне, Салхани аңғарына және Слуки аймағына жақындамау жөнінде ескерту жасады.

Адраи сонымен қатар Накура, Марун әл-Рас, Бинт-Жбейл, Айта аш-Шааб және Майс әл-Жабаль сияқты шекараға жақын ондаған ауылға қайта оралмауға шақырды.

Ливан билігінің хабарлауынша, 2 наурыздан бері Израильдің Ливанға жасаған шабуылдарынан шамамен 2 300 адам қаза тауып, 7 500-ден астам адам жараланған, ал 1 миллионнан астам адам өз үйін тастап кетуге мәжбүр болған.

Бұл әрекеттер өткен бейсенбі күні күшіне енген 10 күндік уақытша бітімнен кейін жасалды.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ливан бір күндік ұлттық аза тұту күнін жариялады
Іздеу
Иранмен байланысты кемелер Парсы шығанағына кіру үшін жаңа бағыт таңдады
«FIFA» президенті Иранның Әлем чемпионатына «міндетті түрде» қатысатынын айтты
Таяу Шығыстағы соғыс энергия секторына 58 млрд доллар шығын әкелуі мүмкін
Дүниежүзілік банк Стамбулдағы Солтүстік теміржол өткелі жобасын қаржыландырмақ
Түркиядан Иранға гуманитарлық көмек жеткізілмек
Мелони: «Италия Израильмен қорғаныс келісімін уақытша тоқтатады»
Иран бес араб елін «халықаралық міндеттемелерді бұзды» деп айыптады
Израиль Оңтүстік Ливанға басып кірмек
“АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде елеулі ілгерілеу бар”
Еуропалық Одақ энергия бағасын бірлесе реттеу қажеттігін мәлімдеді
Хакан Фидан ресейлік және саудиялық әріптесімен телефон арқылы сөйлесті
Украина мен Ресей шабуылдарын қайта бастады
Суданда аштық дағдарысы
Иран АҚШ-ты келіссөздерді бұзды деп айыптады
Газада ұн дағдарысы