Президент Режеп Тайып Ердоған: «Өткен жылы 180 түрлі ел мен аймаққа 10 миллиард долларлық қорғаныс және авиация өнімдерін экспорттадық», — деді.
Президент Ердоған Стамбулда өткен «TİM 13-ші Инновация апталығы бағдарламасына» қатысты.
Ердоған осы жерде сөйлеген сөзінде технология жарысынан кенже қалғылары келмейтінін білдіріп, «Ұлттық технологиялық серпілісіміз арқылы әлемде санаулы елдер ғана иелік ететін орасан зор ғылыми-зерттеу, тәжірибелік-конструкторлық және инновациялық инфрақұрылым құрдық. 24 жыл бұрын саны бір қолдың саусақтарынан аспайтын технопаркіміздің саны бүгінде 115-ке жетті. 2002 жылы 1,2 миллиард доллар болған Түркияның ғылыми-зерттеу шығындарын 20 миллиард долларға дейін арттырдық», — деді.
Түркияның Жасанды интеллект жөніндегі іс-қимыл жоспары арқылы деректер орталықтарының жалпы орнатылған қуатын 2030 жылға қарай кемінде 1 гигаватқа жеткізетіндерін атап өткен Ердоған: «Деректер орталығы, бұлт технологиясы және жасанды интеллект инфрақұрылымдарында жеке сектордың бастамашылығымен кемінде 10 миллиард долларлық ресурсты іске қосамыз. Білгір Тіл Моделіміз арқылы түрікше жасанды интеллект шешімдерінің дамуын және әртүрлі салада кеңінен таралуын қамтамасыз етеміз», — деп атап өтті.
Президент: «Өткен жылы 180 түрлі ел мен аймаққа 10 миллиард долларлық қорғаныс және авиация өнімдерін экспорттадық. Ал 2026 жылдың қаңтар-қыркүйек кезеңінде экспортымызды өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 15,6 пайыз арттырып, 6,9 миллиард долларға жеткіздік», — деді.





















