Түркия Ұлттық қорғаныс министрі Яшар Гүлер Молдова премьер-министрінің орынбасары әрі Экономикалық даму және цифрландыру министрі Еуджен Осмокескуды және оның делегациясын қабылдады.
Министрліктің «Nsosyal» әлеуметтік желісіндегі парақшасында жарияланған мәліметке сәйкес, Гүлер Осмокескумен Ұлттық қорғаныс министрлігінде кездесті.
Кездесуге Молдованың Қорғаныс министрі Анатолие Носатый да қатысып, екі елдің делегациялары келіссөз жүргізді.





















