ДЕНСАУЛЫҚ ЖӘНЕ ТУРИЗМ
1 ... минут оқылды
24 сағаттан астам қонбай ұшқан ұшақ рекорд орнатты
“Qantas” әуе компаниясына тиесілі “Airbus A350” ұшағы 24 сағат 24 минут ұшып, коммерциялық ұшақтардың ең ұзақ үздіксіз ұшу рекордын жаңартты.
24 сағаттан астам қонбай ұшқан ұшақ рекорд орнатты
Мельбурннен ұшып шыққан "Airbus A350" ұшағы 24 сағат 24 минуттан кейін Тулузаға қонды.

“Qantas” әуе компаниясына тиесілі “Airbus A350” ұшағы Мельбурн қаласынан әуеге көтерілгеннен кейін 24 сағат 24 минут өткен соң Францияның Тулуза қаласына қонып, коммерциялық ұшақтардың ең ұзақ үздіксіз ұшу рекордын жаңартты.

Қосымша жанармай багымен жабдықталған ұшақ Тынық және Атлант мұхиттары арқылы өтетін 23 075 шақырымдық бағытты еш жерге қонбастан ұшып өтіп, 24 сағат 24 минут бойы әуеде болғаны хабарланды.

Ұшу Тулуза қаласындағы “Airbus” зауытына қонумен аяқталды.

Осылайша бұл рейс 2005 жылы “Boeing 777-200LR” ұшағының Гонконгтан Лондонға Тынық мұхиты арқылы 22 сағат 42 минутта жасаған бұрынғы рекордын жаңартты.

“Flightradar24” платформасының мәліметінше, бұл сапар сервис тарихындағы ең көп бақыланған екінші рейс болды. Ұшақтың бағытын тікелей эфирде шамамен 3,6 миллион адам бақылаған.

Іздеу
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»
«Украинамен 1,6 миллиард долларлық келісімге қол жеткізу бағытында ілгерілеушілік бар»
БҰҰ: «Сирияны қайта қалпына келтіруге 216 миллиард доллар қажет»
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
АҚШ-та әуе қатынасындағы іркілістер әлі  жалғасуда
Ресейді соғысты жалғастыру үшін сылтау іздеп отыр деп айыптады
Ресей Украинаның 1300-ден астам ұшқышсыз ұшу аппаратын атып түсіргенін мәлімдеді
COP31 төрағасы: “Әр елдің даму жолы әртүрлі, бірақ болашағымыз ортақ”