ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
“Иран МАГАТЭ инспекторларының елге қайта кіруіне келісім берді”
АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Тегеранның Халықаралық атом энергиясы агенттігінің инспекторларын елге қайта шақыруға келіскенін мәлімдеді.
“Иран МАГАТЭ инспекторларының елге қайта кіруіне келісім берді”
АҚШ шенеуніктері Иран өзінің байытылған уран қорын сұйылтатынын мәлімдеді. / Сурет: AP мұрағаты.

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс Таяу Шығыстағы соғысты тоқтатуға бағытталған АҚШ–Иран келіссөздерінің алғашқы кезеңінен кейін Тегеранның Халықаралық атом энергиясы агенттігінің (МАГАТЭ) инспекторларын елге қайта шақыруға келіскенін мәлімдеді.

Вэнс дүйсенбі күні Швейцарияның Бюргеншток демалыс аймағында журналистерге берген сұхбатында:

«Ирандықтар МАГАТЭ инспекторларын елге қайта шақыруға келісті. Бұл — Америка халқы үшін маңызды бетбұрыс және Ирандағы ядролық қару бағдарламасын түбегейлі тоқтатудың немесе елді тұрақты түрде ядролық қарусыздандырудың алғашқы қадамы», — деді.

Оның айтуынша, келіссөздер жексенбі күні Иранның бас келіссөз жүргізушісі Мохаммад Багер Галибафпен басталған.

Швейцариядағы бұл кездесулер өткен аптада келісілген алдын ала мәміле аясында белгіленген екі айлық келіссөз кезеңінің алғашқы бөлігі болды.

Арағайындық жасап отырған Пәкістан мен Катар келіссөз жүргізушілердің «60 күн ішінде түпкілікті келісімге қол жеткізуге арналған жол картасы» бойынша уағдаласқанын мәлімдеді. Сондай-ақ техникалық келіссөздер аптаның қалған бөлігінде Швейцарияның орталығындағы оқшауланған қонақүй кешені Бюргенштокта жалғасатыны айтылды.

Түпкілікті келісім 28 ақпанда АҚШ пен Израиль бастаған соғысты тоқтатуды көздейді. Аталған соғыс Иранды аймақ бойынша зымыран және ұшқышсыз ұшу аппараттары (дрондар) арқылы шабуылдармен жауап беруге, сондай-ақ әлемдік экономика үшін аса маңызды су жолы саналатын Ормуз бұғазын іс жүзінде жабуға итермелеген болатын.

Келіссөз жүргізушілер Тегеранның ядролық бағдарламасы, соның ішінде байытылған уран мәселесін де қамтитын, ондаған жыл бойы АҚШ–Иран қатынастарын қиындатып келген ең күрделі түйткілдерді  қарастыруды мақсат етіп отыр.

Іздеу
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Сингапур премьер-министрі Вонг Түркияға келеді
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді