Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш әлеуметтік желідегі парақшасында АҚШ пен Иран арасындағы келісімге қатысты пікір білдірді.
Куртулмуш АҚШ пен Иран арасындағы келісімнің өңірдегі бейбітшілік пен тұрақтылықтың нығаюына ықпал ететініне сенім білдірді. Ол соғыс пен шиеленісті тоқтатуға бағытталған бұл қадамды құптайтындарын жеткізді.
«Түркия бейбітшілік пен тұрақтылықты нығайту жолындағы бастамаларын жалғастыра береді»
Бұл келісімге қол жеткізуге ықпал еткен барлық елді, әсіресе сындарлы үлес қосқан Пәкістанды құттықтаған Мәжіліс төрағасы былай деді:
«Бұл келісімнің сақталуы, тараптардың үдерісті байыпты әрі жауапты ұстаныммен жалғастыруы аса маңызды. Ең алдымен Нетаньяху мен оның сыбайластары бастаған, өңірімізді жаңа қақтығыстарға итермелеуге тырысатын күштердің арандатуына жол берілмеуі тиіс. Түркия ретінде президент Режеп Тайып Ердоғанның жетекшілігімен әлемде бейбітшілік пен тыныштықтың үстем болуына, өңірімізде тұрақтылық пен бейбітшіліктің орнығуына бағытталған күш-жігерімізді табандылықпен жалғастырамыз. Адамзаттың ар-ожданына сүйенетін, әділет қағидаттарына негізделген әділ әрі тұрақты бейбітшілікті орнату жолындағы күш-жігерді және осы бағыттағы бастамаларды қолдауды жалғастыра береміз».























