САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран АҚШ пен Сауд Арабиясының Ирактағы әуе шабуылдарын айыптады
Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Сауд Арабиясының Ирак аумағындағы Тегеран қолдайтын қарулы топтардың нысандарына жасаған әуе шабуылдарын айыптады.
Иран АҚШ пен Сауд Арабиясының Ирактағы әуе шабуылдарын айыптады
Иран АҚШ пен Сауд Арабиясының Ирактағы әуе шабуылдарын айыптады.

Иран Сыртқы істер министрлігі АҚШ пен Сауд Арабиясының Ирак аумағындағы Тегеран қолдайтын қарулы топтардың нысандарына жасаған әуе шабуылдарын айыптады.

Министрліктің жазбаша мәлімдемесінде аталған шабуылдардың Ирактың егемендігі мен аумақтық тұтастығын бұзатыны және Біріккен Ұлттар Ұйымы Жарғысына қайшы келетіні атап өтілді.

Мәлімдемеде Иранның Ирак үкіметі мен халқымен ынтымақта екені айтылып, АҚШ пен оның өңірдегі одақтастарының Иракқа жасалған шабуылдардың салдары үшін жауапты екені мәлімделді.

АҚШ Орталық қолбасшылығы кеше түнде АҚШ пен Сауд Арабиясы қарулы күштерінің Ирактың шығысындағы Иран қолдайтын қарулы топтардың нысандарына әуеден соққы бергенін хабарлаған болатын.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ирактағы Иран қолдайтын топтардың нысандарына әуеден соққы берілді