Зеленский әлеуметтік желідегі парақшасында Украина Қауіпсіздік қызметінің уақытша төрағасы Александр Покладты жұмыс кабинетінде қабылдағанын мәлімдеді.
Оның айтуынша, Поклад Украина Қауіпсіздік қызметінің Ресейге қарсы жүргізіп жатқан операциялары туралы баяндама жасаған. Осыған байланысты Зеленский: «Украина Қауіпсіздік қызметі жақсы нәтижелерге қол жеткізді, бүгін мен жаңа операцияларды мақұлдадым», – деді.
Сонымен қатар Зеленский Украина Қауіпсіздік қызметінің кейбір лауазымды тұлғаларының Покладтың шешімімен қызметінен босатылатынын айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украина Ресейге шабуылдады






















