СПОРТ
1 ... минут оқылды
Топрак Разгатлыоглу үшінші рет әлем чемпионы атанды
Мотоспорт бойынша үшінші рет әлем чемпионы атанған Разгатлыоглу - Түркияның ең табысты, әлемнің ең үздік спортшыларының бірі.
Топрак Разгатлыоглу үшінші рет әлем чемпионы атанды
Топрак Разгатлыоглу үшінші рет әлем чемпионы атанды / AA

Түрік мотоспорт үздігі Топрак Разгатлыоглу Дүниежүзілік «Superbike-2025» чемпионатында жоғары дәрежеде өнер көрсетіп, үшінші рет әлем чемпионы атанды. Ол бұл атақты қатарынан екі рет жеңіп алды.

Әлем бойынша «El Turco» деген лақап атпен танымал Разгатлыоглу Испанияның Херес-де-ла-Фронтера қаласында өткен маусымның соңғы негізгі жарысын үшінші орында аяқтап, мерзімінен бұрын чемпион атанды.  «ROKiT BMW Motorrad» командасының атынан 10-шы жолақтан шыққан ол 20 айналымдық жарыста тұғырға көтеріліп, жалпы есепте 616 ұпаймен чемпион атанды.

«Aruba Ducati» командасының  шабандозы Николо Булега соңғы жарыста жеңіске жетсе, Альваро Баутиста екінші орын алды. Маусым қорытындысы бойынша Булега 603 ұпаймен Разгатлыоглуның ізінше екінші, ал Баутиста 337 ұпаймен үшінші орынға жайғасты.

Разгатлыоглу үшін бұл жеңіс 2021 және 2024 жылдардағы чемпиондықтарына қосылған үшінші жетістік болды.

28 жастағы спортшы жеңісін түрік туын желбіретіп, дөңгелек жағу шоуымен және алтын түсті жарыс костюмімен атап өтті. Трибунадағы жанкүйерлер де түрік туын көтеріп, тарихи сәтке ортақтасты.

Іздеу
Министр Фидан Каирде бірқатар кездесу өткізді
НАТО Парламенттік саммиті Стамбулда өтеді
Каирде жиналыс өтті
Түркия Германияны 3:2 есебімен жеңді
"Түркі Мемлекеттері Ұйымы Білім Ақпарат Желісі" құрылатын болады
Түркияда білім алатын палестиналық студенттердің шығындарын "Baykar" өтейді
Грекияда 2025 жылы туу көрсеткіші төмендеді
Түркия мен Қырғызстан қалалық жоспарлау бойынша келісімге қол қойды
Израильдің Ливанға жасаған әуе шабуылдарынан 18 адам қаза тапты
Түркия мен жеті мемлекет израильдік заңсыз қоныстанушылардың шабуылын айыптады
Солтүстік Кипр Түрік Республикасы Еуропарламенттің есебін cынға алды
Ресей: “Украина Запорожье атом электр станциясының көлік ғимаратына шабуыл жасады”
Сингапур премьер-министрі Вонг Түркияға келеді
Тоқаев ТМҰ елдерінің жоғары сот төрағаларын қабылдады
Израиль Газада палестиналық сәбиді әкесінің құшағында өлтірді