СПОРТ
1 ... минут оқылды
Палестина Араб кубогынан шығып қалды
Сами әл-Досари Сауд Арабиясының Палестинаға қарсы жеңісіне шабыт берді.
Палестина Араб кубогынан шығып қалды
Палестина Араб кубогынан шығып қалды / Reuters

Сауд Арабиясы Лусаил стадионында Палестинаны қосымша уақытта 2:1 есебімен жеңіп, «FIFA» Араб кубогы Катар-2025 турнирінің жартылай финалына жолдама алды.

Ойынның 58-минутында Фирас әл-Бурайкан пенальтиді сәтті орындап, Сауд Арабиясын алға шығарды.

Палестина бұған жылдам жауап қайтарды: 64-минутта Одай Даббаг есепті теңестірді.

Негізгі уақыт 1:1 есебімен аяқталған соң, ширек финал қосымша уақытқа ұласты. Қосымша уақыттың 115-минутында турнирдің көзге түскен ойыншыларының бірі әл-Досари асырған допты Мұхаммед Канно баспен дәл соғып, Сауд Арабиясына жеңіс сыйлады.

Осылайша Сауд Арабиясы жұма күні өтетін Иордания - Ирак матчының жеңімпазымен жартылай финалда кездеседі.

Сарапшылар жеңіліске қарамастан, матчтың көптеген кезеңінде Палестинаның Сауд Арабиясына қарағанда нәтижелі ойын көрсеткенін атап өтті.

Палестиналық футболшылар ала доп додасында басымдық танытып, шешуші сәттердегі үздіксіз шабуыл тактикасымен қарсыласқа айтарлықтай қиындық тудырды.

Сыншылар Палестинаның кубокпен абыройлы қоштасуы жанкүйерлердің командаға деген сенімін нығайтып, алдағы уақытта мықты қарсыластармен кездесулерге сенім бергенін атап өтті.

Іздеу
Түрік компаниялары жылдың алғашқы 4 айында 872 миллион долларлық кілем сатты
Саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандары еске алынуда
Қаратеңізде түрік кемесіне шабуыл жасалды
“Нәсілшілдік пен исламға өшпенділік – адамзатқа төнген ең үлкен қатер”
Түркия Золинген шабуылында қаза тапқандарды еске алды
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Әзербайжанның Тәуелсіздік күніне орай құттықтау жолдады
Түркия мен Алжир президенттері телефон арқылы сөйлесті
АҚШ есірткі контрабандасына қарсы операцияда 2 адамды өлтірді
АҚШ БҰҰ сарапшысы Франческа Альбанезеге қарсы санкцияларды қайта енгізді
ХАМАС Қассам бригадалары қолбасшысының қаза тапқанын растады
Әл-Ақса мешітінде құрбан айт намазы оқылды
Президент Ердоған Газа халқына қолдау білдірді
Израиль құрбан айт қарсаңында Газаға шабуылдады
Израильдің дрон шабуылынан бес адам қаза тапты
Президент Ердоған құрбан айт мерекесімен құттықтады