ТҮРКИЯ
3 ... минут оқылды
«Түркия – Еуропаның болашағы үшін маңызды кепіл»
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш: «Өңірдегі маңызды күшке айналған, зор даму әлеуетіне ие әрі жаһандық ойыншы болу жолында ілгерілеп келе жатқан Түркия  ̶  Еуропаның болашағы үшін маңызды кепіл », – деді.
«Түркия – Еуропаның болашағы үшін маңызды кепіл»
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш Финляндияда өткен маңызды конференцияға қатысты.

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Нуман Куртулмуш Финляндия парламентінің төрағасы Юсси Халла-Ахомен бірге ұйымдастырылған «Өзгерген әлемдегі Түркия: серіктес, тепе-теңдікті сақтаушы және стратегиялық ойыншы» атты конференцияда маңызды мәлімдемелер жасады.

Төраға Финляндияға жасаған ресми сапары аясында екі ел арасындағы қарым-қатынасты нығайтуға бағытталған кездесулердің нәтижелі өткенін атап өтті. Ол бұл сапар Түркия мен Финляндия арасындағы байланыстардың одан әрі дамуына оң ықпал ететінін айтты.

Куртулмуш:«Әлем бетбұрыс кезеңін бастан өткеріп жатыр»

Куртулмуш көші-қон дағдарысынан бастап жаһандық жылынуға дейінгі әлемдік мәселелердің ауқымды екенін жеткізді.  

Осы тұрғыда ол Түркия мен  Финляндияның қақтығыстарды реттеу және келіссөздер жүргізу мәселелеріндегі ортақ ұстанымдарының маңыздылығына назар аударды.

Төраға 2023 жылы Финляндияның НАТО-ға мүшелікке қабылданғаннан кейін Түркия мен Финляндия арасындағы қарым-қатынастар жаңа деңгейге көтерілгенін айтты. Сондай-ақ ол 2024 жылы екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 100 жыл толуы Түркия мен Финляндияны бұрынғыдан да жақындастыра түскенін жеткізді.

Жаһандық қауіпсіздік мәселелері және БҰҰ-ның рөлі

Мәжіліс төрағасы қақтығыстар мен шиеленістердің күшейіп бара жатқанына назар аударып, БҰҰ-ның бұл мәселелерді шешудегі дәрменсіздігін сынға алды.

«БҰҰ Нью-Йорктегі кеңсе не кафеден айырмасы жоқ ұйымға айналды», – деген ол халықаралық ұйымның маңызды оқиғалардың алдын алуда тиімсіз болып отырғанын атап өтті.

Ол Ресейдің Украинаға басып кіруі мен Израильдің Газадағы шабуылдары сияқты жағдайлар халықаралық жүйенің қауқарсыздығын айқын көрсеткенін айтты.

НАТО және Еуропа қауіпсіздігіне қатысты бағалаулар

Куртулмуш Еуропаның қауіпсіздік саласындағы осал тұстарының айқын көрініс тапқанын айтып, НАТО жаңа қауіпсіздік тұжырымдамаларын әзірлеуі қажет екенін мәлімдеді.

Ол Финляндия мен Швецияның НАТО-ға қосылуы одақтың әлеуетін күшейткенін атап өтті. Сондай-ақ ол Түркияда өтетін НАТО саммитінде қауіпсіздік мәселелері мен бастамалардың талқыланатынына үміт білдірді.

Түркия–Еуропалық Одақ қатынастары және стратегиялық серіктестік

Төраға Түркияның Еуропалық Одақпен қарым-қатынастарын стратегиялық байланыс ретінде қарастыратынын және толыққанды мүшелікке өтуді мақсат ететіндерін айтты.

Сонымен қатар ол Түркияға қатысты теріс көзқарастар мен кемсітушілік сипаттағы саясаттың әлі де жалғасып келе жатқанын мәлімдеді.

Куртулмуш Түркияның өз өңіріндегі маңызды күш екенін айтып, елдің Еуропаның болашағы үшін зор мүмкіндік ұсынатынын жеткізді.

Терроризммен күрес және ішкі саясат

Мәжіліс төрағасы Түркияның терроризммен күресті табанды түрде жалғастырып жатқанын және террорсыз Түркия құру мақсаты бағытында жұмыстар жүргізіліп отырғанын айтты.

Ол сондай-ақ Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісі жанынан құрылған Ұлттық ынтымақ, бауырластық және демократия комиссиясының қызметіне тоқталып, елдің демократиялық стандарттарын жетілдіруді көздейтінін атап өтті.

Жаңа кезеңдегі көпполярлы әлем және Түркияның стратегиялық маңызы

Төраға әлемнің жаңа дәуірге қадам басқанын және көпполярлы жүйенің барған сайын айқын сипат ала түсетінін айтты.

Ол Түркияның геостратегиялық тұғыры мен қуатты экономикасының арқасында жаңа кезеңде маңызды ойыншылардың біріне айналатынын жеткізді.

Сондай-ақ ол Түркияның бейбітшілікке негізделген ұстаным арқылы әлемдегі қақтығыстар мен дұшпандықты азайтып, мемлекеттер арасындағы достықты нығайтуды мақсат ететінін атап өтті.

Іздеу
«Трамп Түркияда өтетін НАТО саммитіне қатысады»
Газада Израильдің шабуылдарынан тағы тоғыз адам қаза тапты
«Еуропаның әскери көмегі Украинадағы дрон өндірісін жеделдетуде»
Түркия ұлттық құрамасы Флоридада алғашқы жаттығуын өткізді
Ұлыбританияда Израильмен байланысы бар “Palantir”-ге сын күшейді
Газада қаза тапқандар саны 72  мыңнан асты
Иран шабуылынан зардап шеккен Кувейт әуежайында рейстер қайта басталды
«Хижаз теміржолы Ормуз бұғазына балама бағыт болмақ»
Тегеран АҚШ-ты Иранға шабуыл жасады деп айыптады
Әлем чемпионатына 48 елден 1248 футболшы қатысады
Израиль күштері Ливандағы операцияларын кеңейтуде
НАТО  Балтық теңізінде оқу-жаттығуларын бастады
Израильдік туристерді тасымалдаған кеме наразылыққа тап болды
Санкт-Петербург экономикалық форумы басталды
«TÜRGEV» «Нөлдік қалдық» фестивалінде жастарға тұрақты өмір сүру мәдениетін дәріптейді