ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия Сомалиге байланысты айыптауларды жоққа шығарды
Түркия Сомалимен арадағы ынтымақтастықтың елдегі қауіпсіздік құрылымдарын жаңғыртуға және терроризмге қарсы күрес әлеуетін күшейтуге бағытталғанын мәлімдеді.
Түркия Сомалиге байланысты айыптауларды жоққа шығарды
Түркия Сомалиге байланысты айыптауларды жоққа шығарды / AA

Түркия әлеуметтік желілерде тараған «Анкара Сомалидегі әскери күшін белгілі бір саяси тұлғаны қолдау мақсатында пайдаланып отыр» деген ақпаратты жоққа шығарды.

Сәрсенбі күні «Nsosyal» әлеуметтік платформасында жарияланған мәлімдемеде Түркияның Жалған ақпаратпен күрес орталығы бұл айыптауларды «шындыққа жанаспайтын ақпарат» деп атады.

Мәлімдемеде Түркияның Сомали Федералдық үкіметімен ұзақ жылдар бойы заңды әрі халықаралық құқыққа сәйкес ынтымақтастық жүргізіп келе жатқаны атап өтілді.

Сондай-ақ мәлімдемеде: «Сомалидегі түрік әскери күштері мен оқу-жаттығу қызметі Сомали ұлттық армиясы құрылымын қайта жасақтауға, қауіпсіздік институттарын жаңғыртуға және терроризммен күресті арттыруға бағытталған», - делінді.

Сондай-ақ  түрік әскери бөлімінің Сомалидегі сайлау үдерістері мен елдің ішкі саяси ахуалына ешқандай қатысы жоқ екені айтылды.

Мәлімдемеде Түркияның Сомалидегі демократиялық үдерістердің бейбіт түрде жалғасуын қолдайтыны атап өтіліп, Сомали халқына және елдің егемендігіне толық құрмет көрсетілетіні баса айтылды.

Іздеу
Иранмен соғыс америкалықтарға миллиардтаған долларлық қосымша шығын әкелді
Ғалымдар коронавирус пен тұмау сияқты вирустарды дыбыс толқындарымен жойды
«Барселона» клубының жас жұлдызы Ламин Ямаль Палестина туын желбіретті
Атысты тоқтату мерзімі аяқталғаннан кейін Ресей Киевке дрон шабуылын жасады
Израиль ЕО-ны қатаң сынға алды
ЕО Сириямен ынтымақтастықты толық қалпына келтірді
Президент Ердоған Бельгия патшайымы Матильданы қабылдады
Нобель сыйлығының лауреаты Наргиз Мохаммади түрмеден босатылды
Түркия-Бельгия бизнес форумы өтті
Конго Демократиялық Республикасының шығысына лаңкестік шабуыл жасалды
Нетаньяху Иранға қарсы соғыстың тоқтамайтынын мәлімдеді
Таяу Шығыстағы шиеленіс Азия елдерін шұғыл шара қабылдауға мәжбүрледі
Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Босфор бұғазы арқылы 9 мың 195 кеме өтті
Түркия Пәкістандағы террорлық шабуылды қатаң айыптады
Сирек вирус америкалық азаматқа да жұққан