Түркия Сыртқы істер министрі Хакан Фидан сейсенбі күні Дохада Мұхаммед бен Абдуррахман Әл Санимен бірге өткізген бірлескен баспасөз мәслихатында Ормуз бұғазының қару ретінде пайдаланылмауы керектігін айтты.
Фидан Парсы шығанағында жалғасып жатқан шиеленіс Газа секторы мәселесін ұмыттырмауы тиіс екенін атап өтті.
Дохада Катар премьер-министрі Мұхаммед бен Абдуррахман Әл Санимен бірлескен баспасөз мәслихатында сөз алған Хакан Фидан Израильдің басқыншылық саясаты өңірдегі тұрақтылыққа төнетін елеулі қауіп болып қала беретінін айтты.

Ал Әл Сани Катар мен Түркияның Пәкістанның Иранға қарсы АҚШ пен Израиль жүргізіп жатқан соғысты тоқтату және Ормуз бұғазын қайта ашуға бағытталған бітімгерлік бастамаларын қолдайтынын мәлімдеді.
«Катар мен Түркия соғысты тоқтатып, Ормуз бұғазын қайта ашуға бағытталған Пәкістанның араағайындық күш-жігерін қолдайды», - деді ол.
Әл-Сани Иран Ормуз бұғазын Парсы шығанағындағы елдерге қарсы қысым немесе бопсалау құралы ретінде пайдаланбауы керектігін де атап өтті.
Газадағы жағдайға тоқталған Әл Сани Израильді «атысты тоқтату келісімін бұзуды жалғастырып отыр» деп және өңірде «гуманитарлық көмекті қару ретінде пайдалануда» деп айыптады.
















