Сыртқы істер министрі Хакан Фидан бүгін Ливияға ресми сапармен барады.
Сыртқы істер министрлігіндегі дереккөздердің мәліметінше, Фидан екі күндік сапары аясында Триполи мен Бенгазиде бірқатар кездесу өткізеді.
Кездесулер барысында Түркия мен Ливия арасындағы тарихи бауырластық байланыстар негізінде саяси, сауда, энергетика, әскери және қорғаныс салаларымен қатар екіжақты қатынастарды өзара тиімділік қағидаты бойынша жан-жақты нығайту мәселелері талқыланбақ.
Фиданның Ливиядағы саяси үдеріс туралы пікір алмасып, елдегі тұрақтылықтың маңызын атап өтпек. Сондай-ақ АҚШ бастамалары мен Біріккен Ұлттар Ұйымының саяси үдерісі жіті бақылауда екенін мәлімдемек.
Министр Фидан Ливияда тұрақты бейбітшілік пен тыныштықты қамтамасыз ету үшін Түркияның қандай қолдау көрсете алатынын талқылайды. Осы тұрғыда Фидан Ливия билігімен диалогты одан әрі нығайтуға ниетті екенін білдіріп, Түркия мен Ливияның Шығыс Жерорта теңізіндегі ортақ құқықтары мен мүдделерін екі тарап үшін де пайдалы қағидат негізінде қорғаудың маңызын атап өтеді.





















