Түркияның Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Грузия премьер-министрінің орынбасары әрі Қорғаныс министрі Иракли Чикованимен және Әзербайжан Қорғаныс министрі Закир Гасановпен кездесті.
Түркия Ұлттық қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде: «Әзербайжан–Түркия–Грузия қорғаныс министрлерінің үшжақты кездесуі бүгін Әзербайжанның Шуша қаласында өтіп жатыр. Үшжақты кездесу алдында Ұлттық Қорғаныс министрі Яшар Гүлер Грузия премьер-министрінің орынбасары әрі Қорғаныс министрі Иракли Чикованимен және Әзербайжан Қорғаныс министрі, генерал-полковник Закир Гасановпен жеке-жеке кездесу өткізді», – делінген.





















