ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркия вице-президенті Йылмаз Армения премьер-министрі Пашинянмен кездесті
Кездесу барысында Түркия-Армения шекарасында орналасқан Ани көпірін бірлесіп қалпына келтіруге қатысты өзара түсіністік меморандумына қол қойылды.
Түркия вице-президенті Йылмаз Армения премьер-министрі Пашинянмен кездесті
Джевдет Йылмаз бен Никол Пашинян Ереванда кездесті. / AA

Түркия вице-президенті Джевдет Йылмаз Армения премьер-министрі Никол Пашинянмен өткен келіссөздерінде Ани көпірін бірлесіп қалпына келтіру туралы өзара түсіністік меморандумына қол қойылғанын хабарлады.

Вице-президент Йылмаз Арменияның астанасы Ереванда өткен Еуропа саяси қоғамдастығының 8-ші саммиті аясында Армения премьер-министрі Пашинянмен кездесті.

Кездесуде Йылмаз бен Пашинянның қолдауымен Түркия-Армения қарым-қатынастарын қалыпқа келтіру процесінің арнайы өкілі Сердар Кылыч пен Армения Ұлттық Жиналысы Төрағасының орынбасары, әрі Армения-Түркия қатынастарын қалыпқа келтіру процесінің арнайы өкілі Рубен Рубинян екі ел шекарасында орналасқан “Ани көпірін қалпына келтіру жұмыстарын жүргізу туралы өзара түсіністік меморандумына” қол қойды.

Вице-президент Йылмаз кездесуге қатысты әлеуметтік желідегі парақшасында мынадай мәлімдеме жасады:

«Пашинян мырзамен кездесуімізде екіжақты қарым-қатынастарымызды жан-жақты бағаладық. Сонымен қатар көлік, кеден, энергетика және цифрлық инфрақұрылымды дамытып, өзара байланысты нығайта түсетін қадамдарды талқылауға мүмкіндік туды. Қарым-қатынасты қалыпқа келтіру процесінде басылған өзара сындарлы қадамдардың нақты нәтижелер беріп жатқанына қуаныштымыз.

Бүгін өзара түсіністік меморандумы арқылы бекітілген Ани көпірін бірлесіп қалпына келтіру сияқты символдық және нақты ынтымақтастық бағыттары тұрақты бейбітшілік пен сенім ортасына үлкен үлес қосады деп сенеміз. Аймақтық бейбітшілік, диалог және тұрақтылық негізінде Оңтүстік Кавказдағы қатынастарды қалыпқа келтіруді ілгерілету, экономикалық ынтымақтастықты арттыру және халықтарымыз арасындағы байланыстарды нығайту бағытындағы ұстанымымызды табандылықпен жалғастырамыз. Кездесуіміздің игілікті болуын тілеймін және Пашинян мырзаға жылы шырайлы қонақжайлылығы үшін алғыс айтамын».

Іздеу
Президенттік веложарыста Бервик жеңіске жетті
«FIFA»: «Иран құрамасының Әлем чемпионатындағы ойындары АҚШ-та өтеді»
Сауд Арабиясының Өнеркәсіп және минералдық ресурстар министрі: «Түркия – стратегиялық серіктес»
Моджтаба Хаменеи: «Парсы шығанағының болашағы АҚШ-сыз айқындалады»
Қазақстан мен Ресей: Каспий аймағы бейбітшілік пен ынтымақтастық аймағы болып қалуы тиіс
Иранға ықтимал шабуыл бойынша әскери брифинг өтеді
Түркияның туризм табысы бірінші тоқсанда 9,9 миллиард доллардан асты
20 Түркия азаматы Израиль тарапынан қамауға алынды
Министр Фидан: "Біздің басты ерекшелігіміз – жүргізіп отырған саясатымыздағы тұрақтылық"
АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін одақтастарына жаңа коалиция құру туралы үндеу тастауда
Трамп: «АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер енді телефон арқылы жүргізіледі»
Түркия мен Испания жаһандық наразылық білдіруге шақырды
Израиль басып алған Шығыс Иерусалимде бір монах әйел соққыға жығылды
Түркия көмек флотына жасаған Израильдің операциясын «қарақшылық әрекет» деп айыптады
АҚШ Қорғаныс министрі Иран соғысы бойынша Конгресте жауап береді