ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
1 ... минут оқылды
20 Түркия азаматы Израиль тарапынан қамауға алынды
Израиль күштері Крит аралы маңындағы халықаралық су айдынында «Жаһандық Сумуд» флотын тоқтатып, 170-тен астам белсендіні қамауға алды.
20 Түркия азаматы Израиль тарапынан қамауға алынды
18 Түркия азаматы Израиль тарапынан қамауға алынды / Reuters

Газаға бағыт алған «Жаһандық Сумуд» флотындағы түрік делегациясы бейсенбі күні Анадолы агенттігіне берген мәлімдемесінде, израильдік күштердің флотты Газадан 600 теңіз милінен астам қашықтықта, Грекия аймақтық су айдынына жақын жерде тоқтатып, 20 Түркия азаматын қамауға алғанын айтты.

Түрік делегациясының айтуынша, израильдік күштер сәрсенбі күні кешке Крит аралы маңында кемелерге басып кіріп, борттағы 170-тен астам белсендіні қамауға алған.

Израиль әскери-теңіз күштері Газадағы қоршауды бұзу мақсатымен жолға шыққан флот кемелерін сәрсенбі түні тоқтатты.

Топтың мәліметінше, Израиль күштері флотты Крит аралы маңындағы халықаралық су айдынында  21 кемені басып алған. Сондай-ақ байланыс құралдарын өшірген. Бұл оқиғадан кейін 17 кеме қашып шығып, Грекия су айдынына кірген.

ҚатыстыTRT Қазақ - Түркия көмек флотына жасаған Израильдің операциясын «қарақшылық әрекет» деп айыптады

Газаға гуманитарлық көмек жеткізген флот Израиль қоршауын бұзып, теңіз арқылы гуманитарлық дәліз ашуды мақсат етеді.

Бұл оқиға Иврит тіліндегі БАҚ Израильдің әртүрлі елдерден шамамен 1000 белсендісі бар, жалпы саны 100-ге жуық кемеден тұратын флотты тоқтатуға дайындалып жатқаны туралы ақпарат таратқаннан кейін бірнеше сағат өткен соң болды.

Израиль 2007 жылдан бері Газаға қоршау енгізіп, шамамен 2,4 миллион палестиналықтың 1,5 миллионын босқынға айналдырған.

Іздеу
АҚШ Иран әуе компанияларына қолдау көрсететін кәсіпорындарға санкция салатынын ескертті
Түркия экспортты арттыру және жаһандық инвестиция тарту үшін ауқымды реформа бастауда
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты
Жевдет Йылмаз: «Түркия инвестициялық ортаны күшейтуде»
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады
Түркия мұсылман қоғамдардың айқындаушы актер болуы керектігін білдірді
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді
Президент Ердоған Трампқа қолдау білдірді
Израиль оппозициясы Нетаньяхуға қарсы бірігуде
Пхеньян мен Мәскеу өзара қорғаныс келісімін растады
Президенттік 7-ші Халықаралық Яхта Жарыстарында Ұлттық Егемендік Кубогы басталды
Қытай Айда екі жаңа минералдың табылғанын хабарлады
Украина дрон өндірісі бойынша жаңа келісім бекітті
“БҰҰ Жарғысының қағидаттары тікелей шабуылға ұшырап отыр”