САЯСАТ
1 ... минут оқылды
АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін одақтастарына жаңа коалиция құру туралы үндеу тастауда
“Wall Street Journal” басылымының хабарлауынша, кеме қозғалысының тоқтап қалуы және Тегеранмен келіссөздердің тығырыққа тірелуіне байланысты Вашингтон одақтастарына «Теңіз бостандығы құрылымын» құруды ұсынды.
АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін одақтастарына жаңа коалиция құру туралы үндеу тастауда
АҚШ Ормуз бұғазын ашу үшін одақтастарына жаңа коалиция құру туралы үндеу тастауда / Reuters

Сәрсенбі күні жарияланған есепке сәйкес, Трамп әкімшілігі АҚШ пен Иран арасындағы жалғасып жатқан дағдарыс салдарынан стратегиялық су жолында кеме қатынасы тоқтап қалғандықтан Ормуз бұғазы арқылы өтетін рейстерді қайта бастау үшін халықаралық коалиция құруға тырысуда.

“The Wall Street Journal” АҚШ елшіліктеріне жіберілген Мемлекеттік департаменттің жеделхатына сілтеме жасай отырып, Вашингтон өз дипломаттарына шет ел үкіметтерін бұғазды қайта ашу үшін ақпарат алмасуды, дипломатиялық күш-жігерді және санкциялардың орындалуын үйлестіретін «Теңіз бостандығы құрылымы» (Maritime Freedom Construct) деп аталатын жаңа одаққа қосылуға көндіруді тапсырғанын хабарлады.

Жеделхатта: «Сіздердің қатысуларыңыз навигация еркіндігін қалпына келтіруге және жаһандық экономиканы қорғауға бағытталған ортақ әлеуетімізді нығайтады», — делінген. Есепке сүйенсек, әкімшіліктің жоғары лауазымды өкілі бұл ұсыныстың президент қолданатын дипломатиялық және саяси құралдардың бірі ғана екенін растады.

Бұл бастама президент Дональд Трамптың бұғаздың «ТОЛЫҚТАЙ АШЫҚ ЖӘНЕ САУДАҒА ДАЙЫН» екенін жариялағанынан бірнеше апта өткен соң қолға алынып отыр. Алайда кеме қозғалысы іс жүзінде әлі де тоқтап тұр.

Иран Тегеранның рұқсатынсыз су жолын пайдаланатын танкерлерге мина қоюға және шабуылдауға тырысса, АҚШ Иран порттарына келетін және кететін барлық кемелерге блокада қолданып жатыр.

Бұғаздың болашағы тоқтап қалған бейбіт келіссөздердегі негізгі мәселеге айналды. Дүйсенбі күні Трамп өз кеңесшілеріне Иран ядролық бағдарламасынан бас тартуға келіскенге дейін ұзартылған блокадаға дайындық жүргізуді тапсырды.

Іздеу
Министр Фидан: "Біздің басты ерекшелігіміз – жүргізіп отырған саясатымыздағы тұрақтылық"
Трамп: «АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздер енді телефон арқылы жүргізіледі»
Түркия мен Испания жаһандық наразылық білдіруге шақырды
Израиль басып алған Шығыс Иерусалимде бір монах әйел соққыға жығылды
Түркия көмек флотына жасаған Израильдің операциясын «қарақшылық әрекет» деп айыптады
АҚШ Қорғаныс министрі Иран соғысы бойынша Конгресте жауап береді
Трамп Иранға қарсы блокаданы ұзартуға тапсырма берді
Мұнай бағасы артты
БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесіне Газадағы атысты тоқтату туралы үндеу тастады
АҚШ пен Иран арасындағы тығырық «Қырғиқабақ соғысқа”  ұқсас бір кезеңге айналып барады
Парсы шығанағы елдерінің басшылары Иран соғысы басталғалы бері Джиддада алғашқы саммитін өткізді
Украина Туапсе мұнай өңдеу зауытына шабуылдады
Израиль армиясы Батыс Шерияда бір баланы жаралап, тағы бір баланы ұстап алып кетті
Израиль Ливанның оңтүстігінде төрт адамды өлтірді
Ицхак Герцог мінген ұшақ  Қазақстанға  ұзақ айналма бағыт арқылы жетті