Сыртқы істер министрі Хакан Фидан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (CICA) 7-ші Саммитінде «Мүшеміз Палестинаның құқықтарын қолдау және жалғасып жатқан зұлымдық пен ауыр бұзушылықтарға қарсы тұруда батыл ұстаным танытуымыз керек. Тұрақты шешім 1967 жылғы шекаралар негізінде, астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз әрі егемен Палестина Мемлекетін құруды талап етеді», — деді.
Хакан Фидан президент Реджеп Тайып Ердоғанның атынан Бакуде өтіп жатқан Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (CICA) 7-ші Саммитіне қатысуда.
Азияның өрлеуімен сипатталатын бұл кезеңде бейбітшілік пен әл-ауқатты қамтамасыз ету үшін одан да қуатты CICA-ның қажет екенін баса айтқан Фидан: «Түркия ретінде біз CICA-ны Азияның ең ауқымды қауіпсіздік форумы ретінде нығайтуға бел будық. Бұл тұрғыда көлік қатынастарын кеңейту және энергетикалық дәліздерді түрлендіру арқылы экономикалық қауіпсіздікті арттыруымыз бен өзара байланысты дамытуымыз қажет», — деді.
Әлемде өршіп бара жатқан дағдарыстардың халықаралық платформаларда белгісіздіктің ұлғаюына әкеліп соқтыратынын ескерткен Фидан ортақ мәселелерге ұжымдық шешім табудың бұрынғыдан да шұғыл қажеттілікке айналғанын айтты.
Палестина мәселесі
Хакан Фидан бейбітшілік пен өзара сенімге деген адалдық әрбір мүше үшін өтімді болуы тиістігін атап өтті.
«CICA мүшесі болып табылатын Израиль жүйелі қысым саясатын жүргізе отырып, Палестина халқының негізгі құқықтарын бұзып отырғанда біз бұл адалдықты сақтай алмаймыз», — деген Фидан былай деп жалғастырды:
«Мүшеміз Палестинаның құқықтарын қолдау және жалғасып жатқан зұлымдық пен ауыр бұзушылықтарға қарсы тұруда батыл ұстаным танытуымыз керек. Тұрақты шешім 1967 жылғы шекаралар негізінде, астанасы Шығыс Иерусалим болатын тәуелсіз әрі егемен Палестина Мемлекетін құруды талап етеді».



















