ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Түркияда қорғаныс және авиация саласының экспорты 1,12 млрд долларға жетті
Түркия Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының төрағасы Халук Гөргүн қорғаныс және авиация саласының соңғы 12 айдағы жалпы экспорт көлемі 11,2 млрд доллар артқан.
Түркияда қорғаныс және авиация саласының экспорты 1,12 млрд долларға жетті
Түркияның қорғаныс және авиация экспорты қарқын алуда.

Түркия Қорғаныс өнеркәсібі басқармасының төрағасы Халук Гөргүн қорғаныс және авиация саласының экспорты шілде айында өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,4 пайыз өсіп, 1,12 млрд долларға жеткенін мәлімдеді. Оның айтуынша, соңғы 12 айдағы жалпы экспорт көлемі 11,2 млрд доллар артқан.

Халук Гөргүн Түркияның қорғаныс және авиация өнеркәсібі экожүйесі экспорттағы тұрақты өсім қарқынын сақтап отырғанын атап өтті.

Ол шілде айындағы көрсеткіштер саланың инженерлік әлеуетін дәлелдейтінін айтып, жылдың алғашқы жеті айындағы нәтижелердің де айтарлықтай жоғары болғанын жеткізді.

Гөргүннің айтуынша, 2026 жылдың шілде айында қорғаныс және авиация саласының экспорты өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 14,4 пайыз өсіп, 1,12 млрд доллар құраған.

«Бұл – инженерлік әлеуетіміздің әлемдегі көрінісі»

Гөргүн президент Режеп Тайып Ердоғанның жетекшілігімен Түркияның инженерлік әлеуетін, өндірістік қуатын және жаһандық бәсекеге қабілеттілігін одан әрі нығайта отырып, экспорттағы тұрақты өсімді жалғастырып келе жатқанын айтты.

«Бұл көрсеткіштер – Түркияның инженерлік әлеуетінің әлемдік деңгейде мойындалуының айқын көрінісі. Осы табысқа үлес қосқан барлық компанияларымызға, инженерлерімізге, техниктерімізге және серіктестерімізге алғысымды білдіремін», – деді Гөргүн.

Іздеу
Израиль Қорғаныс министрі Кац Иранға сес көрсетті
Президент Ердоғанға қастандық жасамақ болған ФЕТӨ мүшесі ұсталды
“HAVELSAN” Әзербайжанға маңызды басқару және бақылау жүйесін экспорттады
Қырғызстан Ыстықкөлде халықаралық жарыс өткізуде
Ресей Украина порттары мен Қаратеңізде әскери жүк тасымалдаған кемеге соққы берді
Росатом: “Қаратеңізде дрон шабуылына ұшыраған контейнерлік кеме суға батты”
Түркия Сыртқы істер министрлігі Израильдің Газадағы шабуылдарын айыптады
Стамбул әуежайы рекорд жаңартты
Қырғызстан президенті Жапаров Әзербайжан президенті Әлиевпен Ыстықкөлде кездесті
Түрік тілінің деңгейін анықтау емтиханына (TYS) өтінім қабылдау басталады
Ресей: «Украинаның порты мен әскери жүк кемесін нысанаға алдық»
Мароккодан Испанияға заңсыз өтпек болған 18 мигрант қаза тапты
Иран: “Кувейттегі Ахмед әл-Жабир әуе базасына соққы бердік”
Сирия, БАӘ және Сауд Арабиясы өңірлік қауіпсіздікті талқылады
Сабиха Гөкчен әуежайы 2026 жылдың алғашқы жартысында Еуропаның ірі әуежайларын басып озды