Ішкі істер министрлігінің мәлімдемесіне сәйкес, Полиция бас басқармасы Барлау департаментінің үйлестіруімен Афьонкарахисар мен Ескишехир уалаят полиция департаменттерінің барлау бөлімшелері бірлескен жұмыс жүргізді.
Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 15 шілдедегі төңкеріс әрекеті кезінде президент Ердоғанға қастандық жасау әрекетіне қатысқан, «қызыл бюллетеньмен» (интерпол) іздеуде жүрген, қызметінен қуылған капитан әрі бұрынғы тікұшақ ұшқышы, террорист Б.К.-ның орны анықталды.
Террорист Б.К. Афьонкарахисар полиция департаменті Терроризммен күрес бөлімінің топтары тарапынан ұсталды.
Министрліктің мәлімдемесінде ФЕТӨ-мен және оның құрылымдарымен күрес табанды түрде жалғасатыны атап өтілді.
Жасырын үйде ұсталды
Сонымен бірге полиция бөлімшесінде тиісті процедуралардан өтіп жатқан Б.К.-ның қала орталығындағы ұйымның жасырын үйіне жасалған операция барысында ұсталғаны белгілі болды.
Қауіпсіздік дереккөздері қастандық әрекетінен кейін қолға түспеу үшін үнемі түрін өзгертіп отырған террористің жалған жеке куәлік пайдаланғанын және бетті тану жүйесіне тіркелуі арқылы анықталғанын хабарлады. Сондай-ақ біршама уақыттан бері бақылауда болған Б.К.-ның ірі көлемдегі ақшамен шетелге қашпақ болған кезінде қолға түскенін білдірді.






















