Кац Израильдің «Kanal 14» телеарнасына берген сұхбатында күн тәртібіндегі оқиғаларға және Иранмен арадағы шиеленіске баға берді.
Иранды тікелей нысанаға алған Кац: «Егер Иран Израильге шабуыл жасаса, ол жойқын соққыға жығылады және олар мұны өте жақсы біледі», — деген сөздерді тілге тиек етті.
Жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары «әскери жетістіктерді» елеусіз қалдырып отыр деп уәж айтқан Кац үкіметтің қол жеткізілген нәтижелерді жұртшылыққа жариялауды жалғастыратынын білдірді.
Кац «сөз болып отырған жетістіктердің» қатарына Иран Көшбасшысы Аятолла Али Хаменеи мен басқа да жоғары лауазымды ирандық басшылардың көзін жоюды да жатқызды.
Жаңалықта сондай-ақ Израиль қауіпсіздік өкілдерінің АҚШ президенті Дональд Трамптың Иранға қарсы жоспарланған ауқымды әскери операцияны тоқтату туралы шешіміне наразылық білдіргені атап өтілді.
Израиль баспасөзінде АҚШ-тың Иранға ауқымды шабуыл жасау ықтималдығы күн тәртібіне көтеріліп, Израильдің де қорғаныс дабыл деңгейін ең жоғары шекке көтергені білдірілген еді.
Ал Трамп 31 шілдеде жасаған мәлімдемесінде АҚШ-тың «Иран шыдай алмайтын деңгейге жеткенше өте ауыр соққылар беретінін» алға тартып, жүргізіліп жатқан үдерістің АҚШ тұрғысынан «өте жақсы өтіп жатқанын» мәлімдеген болатын.






















