ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
Мексика ең қуатты суперкомпьютерді өндірмек
Мексика үкіметі Латын Америкасында климат, ауыл шаруашылығы, су және энергетика салаларындағы мәселелерді шешуге бағытталған суперкомпьютерге 326,6 млн доллар инвестиция салатынын мәлімдеді.
Мексика ең қуатты суперкомпьютерді өндірмек
Әлемде жасанды интеллект жүйелерімен бірлесіп жұмыс істейтін суперкомпьютерлер өндіру жарысы жүріп жатыр. / AP
27 Қараша 2025

Жобаға жауапты лауазымды тұлғалардың хабарлауынша, Мексика Латын Америкасындағы қазіргі ең қуатты компьютерден жеті есе жоғары есептеу мүмкіндігі бар суперкомпьютер жасайды.

Ацтек мифологиясында күш пен өмірдің бастауы саналатын құдайдың атымен “Coatlicue” деп аталған бұл компьютердің есептеу қуаты 314 петафлоп болмақ.

Мексика президенті Клаудия Шейнбаум журналистерге: “Біз бұл суперкомпьютердің халыққа ашық, халыққа арналған суперкомпьютер болғанын қалаймыз,” - деді.

Жасанды интеллект жүйелерімен үйлесімді, жылдам суперкомпьютерлерді дамытуға бағытталған жаһандық бәсеке жалғасып жатыр.

Қазіргі таңда жоғары өнімді есептеу жүйелері саласында АҚШ көш бастап тұр, алайда Еуропа мен Жапония да алғашқы ондыққа кіретін үлгілерді өндірген.

Бір петафлоп секундына 1000 триллион операцияға тең (10¹⁵).

Бразилиядағы жекеменшік компанияға тиесілі “Pegaso” жүйесі қазір 42 петафлоп көрсеткішімен Латын Америкасындағы ең қуатты компьютер саналады.

Қоғамдық қолдану, зерттеу және ұлттық басымдықтар

Мексиканың цифрлық трансформация агенттігінің директоры Хосе Мерино “Coatlicue” суперкомпьютерін құрастыру жұмыстары қаңтарда басталатынын, оның 24 айға созылатынын және жалпы құны 6 млрд песо (326,6 млн доллар) болатынын айтты.

Мериноның айтуынша, суперкомпьютердің негізгі қолдану салалары — климаттық болжам, ауыл шаруашылығы, сондай-ақ су, мұнай және энергетика жобалары сияқты жоғары есептеу қуатын қажет ететін қоғамдық мәселелерді шешу. Сонымен қатар бұл технология ғылыми зерттеулер мен стартап жобаларды қолдау үшін де пайдаланылмақ.

Іздеу
Израиль Оңтүстік Ливанға басып кірмек
“АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде елеулі ілгерілеу бар”
Еуропалық Одақ энергия бағасын бірлесе реттеу қажеттігін мәлімдеді
Хакан Фидан ресейлік және саудиялық әріптесімен телефон арқылы сөйлесті
Украина мен Ресей шабуылдарын қайта бастады
Суданда аштық дағдарысы
Иран АҚШ-ты келіссөздерді бұзды деп айыптады
Газада ұн дағдарысы
Анталия жаһандық дипломатияның маңызды алаңына айналмақ
АҚШ Иранмен қақтығысқа қолдау білдірмеген бірқатар НАТО елінен әскери күштерін әкетпек
Ирандық дипломат АҚШ пен Израильдің «террористік» шабуылынан кейін қаза тапты
Ресей Пасха мерeкесіне орай Украинамен атысты тоқтату режимін жариялады
Ресей 1 000 украин сарбазының мәйітін қайтарды
Иран байыту бағдарламасына қандай да бір шектеу қойылуын қабылдамады
Грузия-Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған “C-130” ұшағынан жарылғыш зат табылмады