САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Израиль ЕО-ны қатаң сынға алды
Израильдің Ұлттық қауіпсіздік министрі Итамар Бен-Гвир Еуропалық Одаққа мүше мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері басып алынған Батыс Шериядағы заңсыз қоныстанушыларға санкция салуға келіскеннен кейін ЕО-ны қатаң сынға алды.
Израиль ЕО-ны қатаң сынға алды
Израиль ЕО-ны қатаң сынға алды / AFP

Израильдің әсіре оңшыл министрі Итамар Бен-Гвир палестиналықтарға қарсы зорлық-зомбылық жасағаны үшін заңсыз израильдік қоныстанушыларға санкциялар енгізілгеннен кейін Еуропалық Одақты «антисемиттік ұйым» деп айыптады.

Итамар Бен-Гвир «X» әлеуметтік желісіндегі жазбасында: «Антисемиттік одақтан моральдық шешім күту — күннің батыстан шығуын күткенмен тең», - деп жазды.

Сондай-ақ ол Еуропалық Одақтың өзін қорғап отырғандарды жазалауға тырысып жатқанын мәлімдеді.

Мажарстандағы үкімет ауысуы бірнеше айға созылған кедергіні тоқтатқаннан кейін Еуропалық Одақтың Сыртқы істер министрлері дүйсенбі күні жаңа санкция енгізу жөнінде келісімге келді.

Дипломатиялық реакция

Еуропалық комиссияның Сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғары өкілі Кая Каллас: «Тығырықтан нақты нәтижеге көшетін уақыт келді. Экстремизм мен зорлық-зомбылық жазаланатын болады», – деп мәлімдеді.

Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ноэль Барро Еуропалық Одақтың Батыс Шерияны заңсыз әрі зорлық-зомбылықпен отарлауды қолдауға қатысы бар израильдік ұйымдар мен олардың жетекшілеріне санкция енгізгенін айтты.

Қабылданған шешімге сәйкес, заңсыз әрекетке қатысы бар 7 қоныстанушы мен ұйым қара тізімге енгізілді.

Израиль жаңа шараларды айыптап, еврейлердің басып алынған Батыс Шерия аумағында қоныстануға құқығы бар екенін алға тартты.

Израиль Сыртқы істер министрі Гидеон Саар «X» әлеуметтік желісінде Еуропалық Одақтың санкцияларды саяси тұрғыдан енгізуді таңдағанын жазды.

Ал Итамар Бен-Гвир қоныстандыру  тоқтамайтынын айтып, Израиль жерінің барлық аумағында құрылыс жүргізуді және оны қорғауды жалғастыратынын мәлімдеді.

ҚатыстыЗаңсыз израильдік қоныстанушылар тұрақты басып алуды талап етіп, Газаға қарай бағыт алды - TRT Қазақ - TRT Қазақ
Іздеу
Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында Босфор бұғазы арқылы 9 мың 195 кеме өтті
Түркия Пәкістандағы террорлық шабуылды қатаң айыптады
Сирек вирус америкалық азаматқа да жұққан
Ішкі істер министрі Чифтчи Түркия-Моңғолия отырысына қатысады
Израиль күштеп ұстаған екі белсенді босатылды
Хантавирус анықталған кемедегі 3 түрік азаматы Түркияға жеткізіледі
Сыртқы істер министрі Фидан Хамас делегациясымен кездесті
Президент Ердоған «Аналар күнімен»  құттықтады
Трамп Ресей мен Украина арасында уақытша бітім жариялады, қос тарап бұл ақпаратты растады
АҚШ Конгресінің 30 депутаты Рубиоға Израильдің ядролық әлеуеті туралы сұрақ жолдады
Израиль атысты тоқтату келісімін бірнеше рет бұзды
Сауд Арабиясы әуе кеңістігін әскери операциялар үшін пайдалануға рұқсат бермегенін мәлімдеді
Дрон шабуылынан Ресейдің оңтүстігіндегі 13 әуежайдың жұмысы тоқтап қалды
Түрік қорғаныс компаниялары үш күнде 8 млрд долларлық экспорт келісімін жасасты
Индонезияда жанартау атқылады