ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Украина Туапсе мұнай өңдеу зауытына шабуылдады
Украинаның ұшқышсыз ұшу аппараттары Қаратеңіз жағалауындағы Ресейге тиесілі Туапсе мұнай өңдеу зауытын нысанаға алып, өртке себеп болды. Ал Белгородқа жасалған тағы бір шабуылда үш адам қаза тапты.
Украина Туапсе мұнай өңдеу зауытына шабуылдады
Украина Туапсе мұнай өңдеу зауытына шабуылдады

Аймақ губернаторы Вячеслав Гладков Украинаның ұшқышсыз ұшу аппараттарының шабуылы кезінде Ресейдің Белгород шекаралық өңірінде үш адамның көз жұмғанын мәлімдеді.

Гладков сейсенбі күні «Telegram» желісінде: «Украина қарулы күштерінің шабуылдарынан үш бейбіт тұрғын қаза тапты, үш адам жараланды», – деді. Ұшқышсыз ұшу аппараттары бір автокөлікті нысанаға алып, нәтижесінде бір ер адам қаза тапқан, ал басқа бір жерде бір ер адам мен бір әйел мерт болған.

Ресейдің Туапсе мұнай өңдеу зауытында өрт шықты

Ресми мәліметтерге сәйкес, Украинаға тиесілі ұшқышсыз ұшу аппараттары Қаратеңіздегі Ресейдің Туапсе мұнай өңдеу зауытына шабуыл жасап, өрттің шығуына себеп болған.

Бұл соңғы апталарда Роснефтьке тиесілі зауыт пен Туапсе портына жасалған шабуылдардың бірі. Бұған дейінгі шабуылдар мұнайдың теңізге төгілуіне және ірі өртке себеп болған еді.  

Дереккөздердің мәліметінше, негізінен экспортқа бағытталған мұнай өнімдерін өндіретін бұл зауыт дрон шабуылынан кейін жұмысын тоқтатқан.

АҚШ-тың араағайындығымен жүргізілген бейбіт келіссөздер тоқтап,  Вашингтонның назары Ирандағы қақтығыста болғандықтан, Украина наурыз айынан бері Ресейге қарсы шабуылдарын күшейткен.

ҚатыстыTRT Қазақ - Украина мен Ресей шабуылдарын қайта бастады

Туапсе мұнай өңдеу зауытының жылдық өндірістік қуаты шамамен 12 миллион метрикалық тонна немесе тәулігіне 240 мың баррельді құрайды. Зауыт нафта, дизель отыны, мазут және вакуумдық газойль өндіреді.

Ресей 2022 жылдың ақпанында Украинаға қарсы операция басталғалы бері жүйелі түрде маңызды  инфрақұрылым нысандарына соққы беріп келеді.

Ал Киев Ресей аумағындағы нысандарға шабуыл жасау арқылы, Мәскеудің соғыс жүргізу мүмкіндігін әлсірету үшін әскери нысандармен қатар энергетикалық инфрақұрылымды да нысанаға алатынын мәлімдеді.

Іздеу
Қытай Айда екі жаңа минералдың табылғанын хабарлады
Израиль Ливанға шабуылдады
Түркия мен Ұлыбритания жаңа келісімге қол қойды
Президент Ердоған: «Балалар соғыстың зардабын шекпеуі тиіс»
Түркия 15 жасқа толмаған балаларға әлеуметтік желіні пайдалануға тыйым салады
АҚШ Түркияны "F-35" бағдарламасына қайта оралуға шақырды
Ресей мен Украина арасындағы келіссөздерге қатысты жаңа мәлімдеме жасалды
Израиль танымал ливандық журналист Амаль Халильді өлтірді
Түркия мен Германия президенттері телефон арқылы сөйлесті
Түркия Қаржы министрі жаһандық экономикадағы тәуекелдер туралы ескертті
“Түркияда авиациялық отын тапшылығы жоқ”
Сыртқы істер министрі Фидан Ұлыбританияға екі күндік ресми сапармен барады
НАТО Бас хатшысы Түркияның қорғаныс өнеркәсібіндегі жетістіктерін жоғары бағалады
2025 жылы Еуропа Одағындағы мигранттар саны рекордтық деңгейге жеткен
Филиппинде болған алапат өрт жүздеген үйді күлге айналдырды