Түркия мен Әзербайжан 500 миллион доллар көлеміндегі келісімшарттарға қол қойды
Келісімдерге сәйкес «ASELSAN» Әзербайжанға «Alp 100» радиолокациялық жүйелерін, «BAYKAR «Mızrak» ақылды оқ-дәрісі мен «Antidot» жүйесін, «ROKETSAN» «Barbaros» жағалау қорғаныс жүйесін, ал «TUSAŞ» «Hürkuş» ұшағын жеткізеді. Сонымен қатар «ASELSAN» Нах
Түркия мен Әзербайжан 500 миллион доллар көлеміндегі келісімшарттарға қол қойды
6-Әзербайжан халықаралық қорғаныс көрмесі (ADEX 2026)
 

Түркия мен Әзербайжан арасында қорғаныс өнеркәсібі саласындағы ынтымақтастық, бірлескен өндіріс, технология және қорғаныс жүйелерін жеткізуге қатысты келісімдер мен өзара түсіністік туралы меморандумдарға қол қойылды.

Әзербайжан астанасы Бакуде өтіп жатқан 6-Әзербайжан халықаралық қорғаныс көрмесі «ADEX 2026» аясында бірқатар келісім жасалды.

Түркия Қорғаныс өнеркәсібі басқармасы мен Әзербайжан Қорғаныс өнеркәсібі министрлігінің қолдауымен өткен рәсімде «ASELSAN» мен «NOVASİS MMC» арасында Нахчыванда зауыт салуға қатысты алдын ала хаттамаға, ал «Boğaziçi Savunma» мен Әзербайжан тарапы арасында серіктестік және жергілікті өндіріс туралы келісімге қол қойылды.

Сонымен қатар «Boğaziçi Savunma», «Kayı Savunma» және «NOVASİS MMC» компаниялары арасында ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігінің қолдауымен өткен рәсімде «ASELSAN» компаниясының «Alp 100» радарын Әзербайжанға жеткізуі бойынша келісім жасалды.

«BAYKAR» компаниясы да Әзербайжанға «Mızrak» ақылды оқ-дәрісі мен «Antidot» жүйесін жеткізуге қатысты екі бөлек келісімшарт жасасты.

Сондай-ақ «ROKETSAN» компаниясының Әзербайжанға «Barbaros» жағалау қорғаныс жүйесін, ал «TUSAŞ» компаниясының «Hürkuş» ұшағын жеткізуіне қатысты келісімдерге қол қойылды.

Әзербайжан Қорғаныс министрлігіне қарасты «Miras» компаниясы мен Машина жасау және химия өнеркәсібі арасында да ынтымақтастықты дамытуға бағытталған өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды.

Келісімшарттардың жалпы құны 500 миллион доллардан асатыны хабарланды.

Іздеу
Байрамов: «Әзербайжан мен Түркияның бауырластығы одан әрі нығаяды»
Аккую АЭС-інің бірінші блогын іске қосуға бір қадам қалды
Путин Си Цзиньпинмен кездесті
Түркия Анталия–Газа климаттық дәлізін құруды ұсынды
Австралия Батыс Шериядағы заңсыз қоныстарға байланысты израильдіктерге санкция салды
АҚШ Иранның Кешм аралына бірнеше рет шабуыл жасады
Ле Пен Франция президенті болып сайланса, Украинаға берілетін көмекті тоқтататынын мәлімдеді
«Түркия – Еуропа қауіпсіздігіндегі маңызды ойыншы және НАТО-ның таптырмас одақтасы»
Моңғолия президенті жемқорлық айыптауларына байланысты отставкаға кететінін мәлімдеді
Ресей: «Украина Қырым көпіріне қайта шабуыл жасады»
Түркия климат мектебінде табиғи апат қаупін азайту жолдары талқыланды
Вэнс: «Трамп әкімшілігі Ирандағы соғыстың ұзаққа созылуына жол бермейді»
Трамп Қытай және Ресей басшыларымен кездеседі
Еуропаның бес елі мигранттарды Руандаға көшіруді жоспарлап отыр
Министр Фидан: «Түркияның жетекші рөлі халықаралық деңгейде мойындалуда»