ТҮРКИЯ
2 ... минут оқылды
Президент Ердоған Ливан президенті Аунмен кездесті
Ердоған "Израиль адамзатқа қарсы қылмыс жасап отыр" деді.
Президент Ердоған Ливан президенті Аунмен кездесті
Президент Ердоған Ливан президенті Аунмен кездесті

Президент Реджеп Тайып Ердоған Ливанның ұзақ жылдар бойы өңірдегі кейбір күштердің бәсекелестік пен қақтығыс алаңына айналып, ең үлкен зардап шеккен бауырлас ел екеніне назар аударды. Таяу Шығыста тұрақтылық, бейбітшілік пен ынтымақтастық ортасынан ең көп пайда көретін елдердің басында да Ливан тұрғанын айтты.

Президент Ердоған ресми сапармен елорда Анкараға келген Ливан президенті Джозеф Аунмен Президенттік кешеніндегі оңаша кездесуден кейін өткізілген ортақ баспасөз мәслихатында сөз сөйледі.

Израильдің Ливанға қарсы шабуылдары басталған 2026 жылдың 2 наурызынан бері 4 мың 300-ден астам ливандықтың көз жұмғанын, 2 мыңнан астам ливандықтың жараланғанын, 1 миллион адамның үй-жайын, атамекенін тастап кетуге мәжбүр болғанын атап өткен Ердоған былай деді:

«Мұнда тағы да Құрметті Президент мырзаның тұлғасында Ливан халқына көңіл айтып, жараланғандарға тезірек сауығып кетулерін тілеймін. Түркия алғашқы күннен бастап шабуылдарға ең күшті реакция көрсеткен елдердің бірі болды. Израильдің жасаған адамзатқа қарсы қылмыстарын осы үдерісте де күн тәртібінде ұстадық. Бұл шабуыл мен басып алуды тоқтату үшін басталған дипломатиялық бастамаларды жіті қадағалап отырмыз. Израиль шабуылдарынан қатты зардап шеккен Оңтүстік Ливанды қайта қалпына келтіру аясында еліміздің қолдан келгенше қолдау көрсетуге дайын екенін білдіргім келеді».

Ливан президенті Джозеф Аун өз кезегінде Түркия мен Ливан арасында тамыры терең қарым-қатынастардың бар екенін айтты.

Президент Ердоғанға ыстық ықыласпен қарсы алғаны, қонақжайлылығы мен шақыруы үшін алғыс айтқан мәртебелі қонақ президент сапарының маңызды кезеңге тұспа-тұс келгенін атап өтіп, өңірдің қазіргі уақытта болашағы қалыптастырылып жатқан орынға айналғанын жеткізді.

Аун Түркия-Ливан бауырластығының аса маңызды екенін және алдағы кезеңде осы болашақтың құрылуында үлкен рөл атқаратынын алға тартып, «Құрметті Ердоған шынымен де өз көрегендігімен және адал ұстанымымен бұл қарым-қатынастарды қолдап келеді және оларды ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтеруге бекініп отыр», — деді.

Түркия Республикасының негізін қалаушы Гази Мұстафa Кемал Ататүріктің «Әлемде бейбітшілік, елде бейбітшілік» сөзіне сілтеме жасаған Аун Түркия-Ливан қарым-қатынастары туралы «Екі ел одан әрі ілгерілейді. Ливан-Түркия достығы жасасын», — деді.

Іздеу
TİKA Керкуктегі Алтынкөпір шейіттері зиратында қалпына келтіру жұмыстарын бастады
АҚШ Иранға бағытталған жаңа шабуыл толқынын аяқтады
Ресейдің кезекті зымыран шабуылынан украиналық балалар қаза тапты
Хакан Фидан ХАМАС төрағасы әл-Хайяны қабылдады
“BMW” 2027 жылдың соңына дейін Германияда 8 000 адамды жұмыстан босатуды жоспарлап отыр
Түрік және қазақ мұғалімдер Астанада бас қосты
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Кипрде баспасөз мәслихатын өткізді
Иран Украинаға қарымта соққы беру мүмкіндігін қарастырған
Кипрде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің жетекшілігімен үшжақты кездесу басталды
Ирак премьер-министрі қауіпсіздік мәселелері бойынша шұғыл жиын өткізуге шақырды
Ресей «Telegram» желісінің негізін қалаушы Павел Дуровқа халықаралық іздеу жариялады
24 сағаттан астам қонбай ұшқан ұшақ рекорд орнатты
Ғалымдар адам миының жұмысын модельдейтін жаңа чип әзірледі
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті мен БҰҰ Бас хатшысы кездесті
Белгород облысында үш адам қаза тапты