Иран Ислам революциясы сақшылар корпусы АҚШ-тың Кешм аралына жасаған шабуылына жауап ретінде осы елдің Иорданиядағы Муаффак Салти әуе базасына баллистикалық зымыранмен соққы бергенін және үш «F-35» жойғыш ұшағын толықтай жойғанын мәлімдеді.
Ислам революциясы сақшылар корпусы таратқан жазбаша мәлімдемеге сәйкес, Иран АҚШ-тың Иорданиядағы әуе базасына шабуыл жасаған.
Мәлімдемеде бұл соққының АҚШ-тың кеше түнде Кешм аралында бір отбасының үш мүшесінің қаза табуына себеп болған шабуылына жауап ретінде жасалғаны айтылды.
Муаффак Салти әуе базасында орналасқан АҚШ-тың үш «F-35» ұшағы толықтай жойылып, тағы үшеуі зақымданғаны, сондай-ақ бірнеше америкалық әскери қызметкер мен техникалық маманның қаза тапқаны алға тартылды.
Сонымен қатар мәлімдемеде бүгін таңертең Хузистан уәлаятындағы Бендер-Имам-Хомейни портты қаласында АҚШ-қа тиесілі дрон анықталып, атып түсірілгені хабарланды.
Бұған дейін Иордания армиясы елдің әуе қорғаныс жүйелері таңғы уақытта Ираннан ұшырылып, ел аумағын нысанаға алған бес зымыранды анықтап, атып түсіргенін мәлімдеген еді.























