САЯСАТ
2 ... минут оқылды
АҚШ Түркияны "F-35" бағдарламасына қайта оралуға шақырды
Том Баррак Түркияның АҚШ-тың маңызды нысандарына орналастыру мүмкіндігін беретін, НАТО миссияларына үлес қосатын маңызды одақтас екенін айтты.
АҚШ Түркияны "F-35" бағдарламасына қайта оралуға шақырды
Баррак Түркияның НАТО миссияларына үлес қосатын маңызды одақтас екенін айтты. (Сурет: МҰРАҒАТ) / AP

АҚШ- тың Түркиядағы елшісі Том Баррак Анкараның “F-35” жойғыш ұшағы бағдарламасына қатысуына байланысты көптен бері жалғасып келе жатқан дауды ақылға қонымсыз деп атап, бұл мәселені жедел шешуге шақырды.

Елші Баррак өткен демалыс күндері Түркияда өткен Анталья дипломатиялық форумындағы мәлімдемелерінен кейін сәрсенбі күні Fox News Digital басылымына берген сұқбатында қазіргі тығырық дипломатиялық серпіліс керек екенін көрсететінін білдірді.

Баррак Түркияның АҚШ-тың маңызды нысандарына орналастыру мүмкіндігін беретін, НАТО миссияларына үлес қосатын және ортақ қауіп-қатерлерге қарсы күресетін өмірлік маңызы бар одақтас болып қала беретінін айтты.

Сонымен қатар АҚШ-тың Сирия жөніндегі арнайы өкілі қызметін де атқаратын Баррак Түркияның Ресейде жасалған “С-400 әуе қорғаныс жүйесін сатып алғаннан кейін “F-35” бағдарламасынан шығарылуы екіжақты қатынастарға зиян келтіргенін және мұның Ресейге тиімді болғанын айтты.

Баррактың айтуынша, “С-400 мәселесі АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио жетекшілік ететін бастамалар және АҚШ президенті Дональд Трамп пен Түркия президенті Режеп Тайып Ердоған арасындағы қатынас негізінде бірнеше ай ішінде дипломатия жолымен шешілуі мүмкін.

Конгрестегі алаңдаушылықтарға, соның ішінде сенатор Рик Скоттың ықтимал қару-жарақ трансферіне қатысты сынына тоқталған Баррак, қол жеткізілетін кез келген шешімнің 2020 жылғы Ұлттық қорғанысқа рұқсат беру туралы заңның 1245-бабына толық сәйкес болатынын айтты.

Түркияның рөлі

Баррак серпіліс жасау сәті жақын екенін айтып, Түркияның “F-35” жүйесіндегі рөлін қайта қалпына келтіру, НАТО ішіндегі өзара үйлесімділікті күшейту, америкалық өнеркәсіпті қолдау және Ресейдің бұл мәселедегі артықшылығын әлсірету мүмкіндігі туындап отырғанын мәлімдеді.

Ол бұл ұстаным Трамптың сыртқы саясатымен үйлесетінін айтып, мұның заңның орындалуын, америкалық технологияның қорғалуын және АҚШ-тың ықпалын күшейтетін одақтарды қайта құруды білдіретінін атап өтті.

ҚатыстыTRT Қазақ - Президент Ердоған: «НАТО қауіпсіздігі үшін Түркияның «F-35» бағдарламасына қайта оралуы қажет»
Іздеу
Израильдік сарбаз Иса пайғамбардың мүсінін қиратты
Иран Израиль барлау қызметімен байланысы бар екі адамды өлім жазасына кесті
Израиль Ливанның оңтүстігіндегі тұрғындарға шекарадан аулақ болуды ескертті
Украина Ресейдің Туапсе портын нысанаға алды
АҚШ, Жапония және Филиппин ауқымды әскери жаттығу өткізуде
АҚШ әскері Кариб теңізі аймағында есірткіге қарсы операция жүргізді
Иран АҚШ күштері коммерциялық кемені басып алғаннан кейін жауап қайтарылатынын мәлімдеді
Хакан Фидан: «Түркия дипломатиялық рөлін кеңейтуде»
Анталия дипломатия форумы басталды
Түркия президенті өңірдегі бейбітшілік туралы мәлімдеме жасады
Түркия президенті Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президентімен кездесті
Хакан Фидан Анталияда Пәкістан премьер-министрі Шарифпен кездесті
Түркия Сыртқы істер министрі мен Сирия президенті кездесті
Түркия мен Сомали президенттері энергия саласындағы ынтымақтастық пен өңірлік мәселелерді талқылады
Сирия армиясы Касрак әуе базасының бақылауын өз қолына алды