ТҮРКИЯ
1 ... минут оқылды
Польша президенті Түркияға сапарлай келеді
Польша президенті Кароль Навроцкий президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен 23–24 маусым күндері Түркияға келеді.
Польша президенті Түркияға сапарлай келеді
Польша президенті Кароль Навроцкий.

Түркия президенті аппараты жанындағы Коммуникация басқармасының басшысы Бурханеттин Дуран Польша президенті Кароль Навроцкийдің президент Режеп Тайып Ердоғанның шақыруымен Түркияға келетінін мәлімдеді.

Дуран әлеуметтік желідегі парақшасында Навроцкийдің 23–24 маусым күндері Түркияға ресми сапармен келетінін хабарлады.

Ол сапар аясында өтетін кездесулерде Түркия мен Польша арасындағы қарым-қатынастардың жан-жақты қарастырылатынын, сондай-ақ ынтымақтастықты дамыту шаралары талқыланатынын айтты.

Дуранның айтуынша, екі көшбасшы өзекті өңірлік және жаһандық мәселелер бойынша пікір алмасады.