ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
АҚШ пен Қытай “TikTok” бойынша келісімге келмек
АҚШ Қаржы министрі Скотт Бессент жексенбі күні АҚШ президенті Дональд Трамп пен Қытай төрағасы Си Цзиньпиннің осы аптада өтетін кездесуінде “TikTok” бойынша келісімінің түпкілікті мақұлдануы күтілетінін айтты.
АҚШ пен Қытай “TikTok” бойынша келісімге келмек
(Мұрағат) — Трамп өткен айда "TikTok"-қа АҚШ-та жаңа құрылыммен жұмыс істеуге рұқсат берді. / Reuters
27 Қазан 2025

Бессент “CBS” арнасының “Face the Nation” бағдарламасында: “Біз соңғы келісімге келдік. Мадридте келісімге қол жеткіздік, бүгін барлық егжей-тегжей толық айқындалды. Екі көшбасшы бейсенбі күні Кореяда келісімді аяқтайды,” - деді.

Ол өзінің келісімнің коммерциялық бөлігіне қатыспайтынын, бірақ Қытайдың ресми мақұлдауын алу үшін келіссөз жүргізгенін және бұл мақсатқа жеткеніне сенімді екенін атап өтті.

АҚШ пен Қытайдың жоғары лауазымды өкілдері жексенбі күні Малайзияда сауда мәселелерін талқылау үшін кездесті. Бұл кездесу Трамптың үш елді қамтитын Азия туры қарсыңында өтті.

Трамп пен Си Цзиньпин 30 қазанда Оңтүстік Кореяда өтетін Азия-Тынық мұхиты экономикалық ынтымақтастық саммиті аясында жүздеседі.

Өткен айда Трамп “TikTok” желісінің АҚШ-та америкалық инвесторлармен жаңа құрылымда жұмыс істеуіне рұқсат беретін жарлыққа қол қойған, бірақ келісімнің нақты шарттары әлі жарияланған жоқ.

Іздеу
Израиль Оңтүстік Ливанға басып кірмек
“АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде елеулі ілгерілеу бар”
Еуропалық Одақ энергия бағасын бірлесе реттеу қажеттігін мәлімдеді
Хакан Фидан ресейлік және саудиялық әріптесімен телефон арқылы сөйлесті
Украина мен Ресей шабуылдарын қайта бастады
Суданда аштық дағдарысы
Иран АҚШ-ты келіссөздерді бұзды деп айыптады
Газада ұн дағдарысы
Анталия жаһандық дипломатияның маңызды алаңына айналмақ
АҚШ Иранмен қақтығысқа қолдау білдірмеген бірқатар НАТО елінен әскери күштерін әкетпек
Ирандық дипломат АҚШ пен Израильдің «террористік» шабуылынан кейін қаза тапты
Ресей Пасха мерeкесіне орай Украинамен атысты тоқтату режимін жариялады
Ресей 1 000 украин сарбазының мәйітін қайтарды
Иран байыту бағдарламасына қандай да бір шектеу қойылуын қабылдамады
Грузия-Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған “C-130” ұшағынан жарылғыш зат табылмады