ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
2 ... минут оқылды
Айға ұшу сынағы ғарыш саласына жаңа серпін берді
Әлемдегі ең қуатты зымыран қозғалтқышының ұшырылуы “NASA”-ның адамзаттың Айға оралу миссиясындағы маңызды белес және Қытаймен үдей түскен ғарыштық бәсекеде шешуші қадам болып саналады.
Айға ұшу сынағы ғарыш саласына жаңа серпін берді
"Starship" мегазымыранның сынақ ұшырылым сәті — 2025 жыл 13 қазан, дүйсенбі, Техас штаты, Бока-Чика. / AP
14 Қазан 2025

БАҚ хабарлауынша, дүйсенбі күні “SpaceX” компаниясы Техас штатындағы Бока-Чика қаласында орналасқан “Starbase” ғарыш айлағынан “Starship” зымыранының 11-ші сынақ ұшуын сәтті жүзеге асырды.

Қайта пайдалануға болатын жүйе ретінде жасалған бұл мегазымыран “NASA”-ның болашақтағы “Artemis” миссияларында қолдануға бағытталған бір сағаттық сынақтан табысты өтті.

“NAS”A-ның уақытша әкімшісі Шон Даффи “X” платформасында: «Америкалықтардың Айдың оңтүстік полюсіне қонуына тағы бір үлкен қадам. Бүгінгі “Starship” сынағы — “Artemis” бағдарламамыз үшін аса маңызды жетістік», — деп жазды.

Ол сонымен қатар: «Біз “Artemis II” миссиясына дайындықты жалғастырып жатқанда әрбір ұшу “Artemis III” бойынша ілгерілеуімізді нығайтып, Қытайды Айға оралу жарысында артта қалдыруға көмектеседі», — деп қосты.

“SpaceX” компаниясы “Starship Version 2” прототипімен биыл бірнеше сынақ жүргізген болатын. Дүйсенбі күнгі ұшыру — осы нұсқаның қатарынан екінші табысты сынақ ұшуы. Бірінші сәтті ұшу тамыз айында өткен еді.

Бұған дейінгі үш сынақ кезінде ұшу барысындағы ақаулар мен жердегі жарылысқа әкелген сәтсіздіктер тіркелген.

“SpaceX” қазір “NASA”-ның 2027 жылға жоспарланған Айға қону миссиясына арналған ғарыш кемесін әзірлеу жарысында Қытаймен тікелей бәсекелесіп отыр.

“Starship” зымыранын Жер атмосферасына қайта кіру кезінде пайда болатын 1 426 °C-тан жоғары температурадан аман өткізу және байланыс үзілмей оралу тетіктерін табу аса маңызды. Компанияның мақсаты — аппаратты қауіпсіз қондырып, қайта ұшыруға мүмкіндік беру.

121 метр биіктігі мен 7 590 тонна тарту күшіне ие бұл мегарокет ғарышқа жүк жеткізу құнын едәуір азайтуы мүмкін.

Сарапшылардың айтуынша, егер “Starship” жобасы кедергісіз жүзеге асса, бұл бүкіл ғарыш саласына трансформациялық әсер етуі ықтимал.

“SpaceX” бұл сынақты “Version 2” прототиптерінің соңғысы деп санайды және келесі кезеңде “Starship Version 3” үлгісін ұшыруды жоспарлап отыр.

Іздеу
Израиль Оңтүстік Ливанға басып кірмек
“АҚШ пен Иран арасындағы келіссөздерде елеулі ілгерілеу бар”
Еуропалық Одақ энергия бағасын бірлесе реттеу қажеттігін мәлімдеді
Хакан Фидан ресейлік және саудиялық әріптесімен телефон арқылы сөйлесті
Украина мен Ресей шабуылдарын қайта бастады
Суданда аштық дағдарысы
Иран АҚШ-ты келіссөздерді бұзды деп айыптады
Газада ұн дағдарысы
Анталия жаһандық дипломатияның маңызды алаңына айналмақ
АҚШ Иранмен қақтығысқа қолдау білдірмеген бірқатар НАТО елінен әскери күштерін әкетпек
Ирандық дипломат АҚШ пен Израильдің «террористік» шабуылынан кейін қаза тапты
Ресей Пасха мерeкесіне орай Украинамен атысты тоқтату режимін жариялады
Ресей 1 000 украин сарбазының мәйітін қайтарды
Иран байыту бағдарламасына қандай да бір шектеу қойылуын қабылдамады
Грузия-Әзербайжан шекарасында апатқа ұшыраған “C-130” ұшағынан жарылғыш зат табылмады