ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ТЕХНОЛОГИЯ
1 ... минут оқылды
«Turkcell» «Google» компаниясымен серіктестік орнатты
Түркиялық оператор өнеркәсіп салалары бойынша бұлттық технологияларды енгізуді көздейтін серіктестік аясында 1 миллиард доллар көлемінде инвестиция салуды жоспарлап отыр.
«Turkcell» «Google» компаниясымен серіктестік орнатты
«Turkcell» Google компаниясымен серіктестік орнатты / Reuters

Түркияның телекоммуникация операторы «Turkcell» сәрсенбі күні жасаған мәлімдемесінде «Google» компаниясымен стратегиялық серіктестік орнатқанын хабарлады. Бұл келісім шеңберінде компаниялар Түркияда әртүрлі салаларға «Google Cloud» қызметін ұсынбақ.

Серіктестік аясында «Turkcell» Түркияда жоспарланып отырған «Google Cloud» аймағы үшін қажетті инфрақұрылымды қамтамасыз ету мақсатында «Google Cloud» компаниясымен бірлесе жұмыс істейді.

Оператордың мәлімдеуінше, серіктестікке бағытталған инвестиция көлемі 2032 жылдың соңына дейін 1 миллиард АҚШ долларына жетеді деп болжануда. Сондай-ақ серіктестік 2028-2029 жылдар аралығында іске қосылуы мүмкін. Нәтижесінде «Turkcell» дерек орталықтарының портфелін кеңейтпек.

Компанияның хабарлауынша: «Сенімді «Google Cloud» серіктесі ретінде «Turkcell» бұлттық инфрақұрылым мен қызмет көрсетуші рөлін күшейтіп, нарықта «Google Cloud» қызметтерінің ресми сатушысы (reseller) ретінде де жұмыс істейтін болады».

«Бұл бастама Түркиядағы барлық деңгейдегі және әртүрлі саладағы ұйымдарға бұлттық жүйеге өтуді жеделдетіп, бұлттың артықшылықтарын толық пайдалануға көмектеседі,» – деп мәлімдеді компания.

«Turkcell» жоспарланып отырған бұлттық аймақтың Түркияда жергілікті инфрақұрылым ұсынатынын, клиенттерге деректердің орналасуын бақылауға көбірек мүмкіндік беретінін және деректерді жергіліктендіру талаптарын орындауға жәрдемдесетінін айтты.

Оператор жаңа аймақтың деректерді талдау, қолданбаларды жаңғырту, киберқауіпсіздік және цифрлық бизнес шешімдері саласындағы озық мүмкіндіктерді қамтамасыз ететін жоғары өнімді төмен кідіріспен «Google Cloud» қолжетімділігін ұсыну арқылы Түркияның цифрлық экожүйесін нығайтуға бағытталғанын атап өтті.

Іздеу
Жасанды интеллект чат-боттары жарнама алаңына айналуда
Балалардың зейіні үнсіз саудаға салынуда
Жаңа буын ЖИ әзірленуде
Ара өлімінің көбеюі экожүйені бұзуда
Батыл жаңа әлем: жасанды интеллект арқылы басқару
2025 жылы көп нәрсені өзгерткен жасанды интеллект
Тайвань ірі бұлттық есептеу орталығын іске қосты
“Nvidia” чиптердің қауіпсіздігін күшейтті
Жапония жасанды интеллектіні қолдануды арттырмақ
Түркиялық лицей оқушылары CERN-де физика жобасымен тарихқа енді
Мексика ең қуатты суперкомпьютерді өндірмек
Трамп «Genesis Mission» атты жасанды интеллект жобасын бастады
Түрік ғалымдары өмірге қолайлы жаңа ғаламшарлар тапты
«Nvidia» компаниясының бас директоры жасанды интеллект жарысында Қытайдың жеңетінін айтты
“Shenzhou-20” экипажы Жерге кеш оралады
АҚШ пен Қытай “TikTok” бойынша келісімге келмек
YouTube  уақытша істен шықты
Айға ұшу сынағы ғарыш саласына жаңа серпін берді
Google Үндістанда ірі ЖИ деректер орталығын құрмақ
Түркияның “Next Sosyal” платформасы 1 миллион қолданушыға жетті