Министр Фидан 31 шілдеде Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фарханмен телефон арқылы сөйлесті.
Телефон әңгімесінде өңірдегі соңғы ахуал және жалғасып жатқан қақтығыстарды тоқтатуға бағытталған күш-жігер талқыланды.
Фидан 1 тамызда Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчимен сөйлесіп, келіссөздер үдерісіндегі соңғы жағдайды бағамдағандарын мәлімдеді.
«Түркия өңіріміздегі қақтығыстарды тоқтату және тұрақты бейбітшілік орнату үшін күш-жігерін жалғастыра береді», – деді Фидан.
Министр 3 тамызда Кувейт Сыртқы істер министрі Жаррах Жабер әл-Ахмед әс-Сабахпен телефон арқылы сөйлесіп, өңірдегі соңғы жағдайды талқылады.
Фидан сол күні Солтүстік Македония Түрік демократиялық партиясының төрағасы Зүлфикар Зейнуламен де телефон арқылы сөйлесіп, оны мемлекеттік министр қызметіне тағайындалуымен құттықтап, жаңа қызметінде табыс тіледі.
Сондай-ақ министр Ұлыбританияның жаңадан тағайындалған Сыртқы істер министрі Эд Милибэндпен де телефон арқылы сөйлесті.
Фидан британдық әріптесін жаңа қызметімен құттықтап, Газа секторымен қатар Таяу Шығыстағы жағдайды, Ресей мен Украина арасындағы соңғы оқиғаларды және өңірде жалғасып жатқан қақтығыстарды тоқтатуға бағытталған күш-жігерді талқылады.
Сонымен қатар Фидан бірқатар жоғары лауазымды тұлғамен бетпе-бет кездесулер өткізді.
















