Трамп әлеуметтік желідегі парақшасында 3 қарашада өтетін аралық сайлауға қатысты жазба жариялады.
«Өткен сайлауларда немесе алдағы 2026 жылғы аралық сайлауда заң бұзушылықтар туралы хабарлаған кез келген адамға, егер сайлауда заң бұзған адамдар ұсталып, сот үкімімен кінәлі деп танылса 1 миллион доллар сыйақы беріледі», – деп жазды Трамп.
ҰСЫНЫЛҒАН
Бұған дейін Трамп АҚШ-тың бұрынғы президенті Джо Байденнен жеңілген 2020 жылғы президенттік сайлауда дауыстар ұрланды деп мәлімдеген болатын. Бұл мәселеге қатысты дау-дамай АҚШ-та ұзақ уақыт бойы қызу талқыланды.





















