САЯСАТ
1 ... минут оқылды
ЕО Украина қорғанысына 3,47 млрд еуро бөлді
Еуропалық одақ Украинаның шұғыл әскери қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында 3,47 миллиард еуро көлеміндегі қаржы бөлді.
ЕО Украина қорғанысына 3,47 млрд еуро бөлді
ЕО Украина қорғанысына 3,47 млрд еуро бөлді.

Еуропалық одақ (ЕО) Украинаның шұғыл әскери қажеттіліктерін қамтамасыз ету мақсатында 3,47 миллиард еуро көлеміндегі қаржы бөлді.

Еуропалық комиссияның жазбаша мәлімдемесінде бұл төлем Украинаға арналған жалпы көлемі 90 миллиард еуроны құрайтын «Украинаны қолдау несиесі» бағдарламасының қорғаныс бағыты аясында жүзеге асырылғаны хабарланды.

Мәлімдемеде аталған қаражаттың Украинаның Ресейге қарсы өзін қорғау үшін қажет шұғыл әскери қажеттіліктерін өтеуге бағытталғаны айтылды. 3,47 миллиард еуро ұшқышсыз ұшу аппараттарын, алыс қашықтыққа ұшатын реактивті дрондарды, зымырандарды, әуе қорғанысы жүйелерін және Gripen” жойғыш ұшақтарын сатып алуға жұмсалады.

Сондай-ақ мәлімдемеде 2022 жылдан бері жалғасып келе жатқан соғыс жағдайында Украинаға қажетті қорғаныс техникасын жедел жеткізу мақсатында дрондарға, оқ-дәрілерге, әуе қорғанысы жүйелеріне және зымырандарға арналған қосымша қаржыландырудың алдағы апталарда мақұлданатыны хабарланды.

ЕО-ның «Украинаны қолдау несиесі» бағдарламасы аясында Украинаның қорғаныс қабілеті мен қорғаныс өнеркәсібін нығайтуға 60 миллиард еуро, ал мемлекеттің қызметін және негізгі мемлекеттік қызметтерді үздіксіз қамтамасыз етуге 30 миллиард еуро көлемінде қолдау қарастырылған. Бағдарламаның жалпы қаржы көлемі 90 миллиард еуро.

ҚатыстыTRT Қазақ - Ресейдің кезекті зымыран шабуылынан украиналық балалар қаза тапты
Іздеу
TİKA Керкуктегі Алтынкөпір шейіттері зиратында қалпына келтіру жұмыстарын бастады
АҚШ Иранға бағытталған жаңа шабуыл толқынын аяқтады
Ресейдің кезекті зымыран шабуылынан украиналық балалар қаза тапты
Хакан Фидан ХАМАС төрағасы әл-Хайяны қабылдады
“BMW” 2027 жылдың соңына дейін Германияда 8 000 адамды жұмыстан босатуды жоспарлап отыр
Түрік және қазақ мұғалімдер Астанада бас қосты
БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш Кипрде баспасөз мәслихатын өткізді
Иран Украинаға қарымта соққы беру мүмкіндігін қарастырған
Кипрде БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриштің жетекшілігімен үшжақты кездесу басталды
Ирак премьер-министрі қауіпсіздік мәселелері бойынша шұғыл жиын өткізуге шақырды
Ресей «Telegram» желісінің негізін қалаушы Павел Дуровқа халықаралық іздеу жариялады
24 сағаттан астам қонбай ұшқан ұшақ рекорд орнатты
Ғалымдар адам миының жұмысын модельдейтін жаңа чип әзірледі
Солтүстік Кипр Түрік Республикасының президенті мен БҰҰ Бас хатшысы кездесті
Белгород облысында үш адам қаза тапты