СПОРТ
1 ... минут оқылды
Халк Хоган 71 жасында өмірден озды
АҚШ-тың әйгілі палуаны, актер және шоумен Халк Хоган Флоридада қайтыс болды.
Халк Хоган 71 жасында өмірден озды
/ Reuters

Кәсіби күрес әлемінің мұртты, басына орамал таққан жұлдызы Халк Хоган 71 жасында қайтыс болды. Бұл туралы Флорида полициясы мен «World Wrestling Entertainment» (WWE) хабарлады.

Флорида штатының Клируотер қаласында Хоган жүрегі тоқтап қалған.  Полиция оның  ауруханада қайтыс болғанын мәлімдеді.

Шын есімі Терри Боллеа болып табылатын Хоган WWE тарихындағы ең ірі жұлдыздардың бірі ретінде танылды.

Ол 1985 жылы өткен алғашқы WrestleMania-ның басты жұлдызы болды және көптеген жылдар бойы Андре Гигант, Рэнди Сэвидж, The Rock және тіпті компания төрағасы Винс Макмэн сияқты қарсыластарымен рингке шықты.

Хоган кем дегенде алты рет WWE чемпионы атанды және 2005 жылы WWE Даңқ тізіміне енді.

Хоган көптеген фильм мен телешоуларға түсті, соның ішінде «VH1» арнасындағы оның өмірі туралы «Hogan Knows Best» атты реалити-шоу да бар.

WWE «X» платформасында Хоганның қайтыс болғаны туралы хабарлап, көңіл айтты.

 

Іздеу
АҚШ Иран әуе компанияларына қолдау көрсететін кәсіпорындарға санкция салатынын ескертті
Түркия экспортты арттыру және жаһандық инвестиция тарту үшін ауқымды реформа бастауда
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты
Жевдет Йылмаз: «Түркия инвестициялық ортаны күшейтуде»
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады
Түркия мұсылман қоғамдардың айқындаушы актер болуы керектігін білдірді
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді
Президент Ердоған Трампқа қолдау білдірді
Израиль оппозициясы Нетаньяхуға қарсы бірігуде
Пхеньян мен Мәскеу өзара қорғаныс келісімін растады
Президенттік 7-ші Халықаралық Яхта Жарыстарында Ұлттық Егемендік Кубогы басталды
Қытай Айда екі жаңа минералдың табылғанын хабарлады
Украина дрон өндірісі бойынша жаңа келісім бекітті
“БҰҰ Жарғысының қағидаттары тікелей шабуылға ұшырап отыр”