Әзербайжан мен Армения сауда байланыстарын арттырмақ
Әзербайжан мен Армения басшылары байланысты қалыпқа келтіруде оң серпінді сақтаудың маңызын атап өтті.
Әзербайжан мен Армения сауда байланыстарын арттырмақ
Әзербайжан мен Армения сауда байланыстарын арттырмақ / Anadolu Agency

Баку мен Ереван сәрсенбі күні Біріккен Араб Әмірліктерінің Абу-Даби қаласында Ильхам Әлиев пен Никол Пашинян арасында өткен кездесулерден кейін екіжақты сауда және экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін зерделеуге келісті.

Абу-Дабиде өткен келіссөздерден соң Әзербайжан президент әкімшілігі таратқан мәлімдемеде тараптардың былтыр тамыз айында Вашингтонда Дональд Трамптың қатысуымен өткен саммит қорытындыларын іске асыруда қол жеткізілген ілгерілеуді құптағаны айтылды.

Мәлімдемеде Әзербайжан-Армения қатынастарын қалпына келтіру үдерісінде оң серпінді сақтаудың маңызы атап өтіліп, екі тараптың да бейбітшіліктің пайдасын іс жүзінде көріп отырғаны айтылды.

Мәлімдемеде «Мемлекеттер екіжақты сауданың басталуын және Әзербайжаннан Арменияға мұнай өнімдерінің экспортталуын, сондай-ақ үшінші елдерден Арменияға Әзербайжан аумағы арқылы астық пен басқа да тауарлардың транзитін құптады», - делінген.

Сондай-ақ тараптаhдың екіжақты сауда мен экономикалық ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктерін қарастыруға келіскені, азаматтық қоғам өкілдерінің өзара сапарлары құпталғаны және сенім шараларын ұлғайту қажеттігі жөнінде ортақ пікірге келгені атап өтілді.

Әлиев пен Пашинян Халықаралық бейбітшілік пен өркендеу үшін Трамп бағыты (TRIPP) жобасын және өзге де байланыс жобаларын іске асыруды да талқылаған.

Мәлімдемеде екі көшбасшының  бейбітшілік пен тұрақтылықты одан әрі нығайтуға ниетті екендерін растағаны және өзара қалпына келтіру үдерісін қолдау үшін байланыстарды жалғастыруға келіскені айтылды. Абу-Дабидегі кеңейтілген келіссөз қорытындылары жөніндегі ақпарат Армения премьер-министрінің кеңсесі тарапынан да жарияланды.

8 тамызда Ақ Үйде Пашинян, Әлиев және АҚШ президенті Дональд Трамп қатысқан үшжақты саммитте тараптар ондаған жылға созылған қақтығысты тоқтату, өзара әрекеттерді доғару, көлік жолдарын қайта ашу және қатынастарды қалпына келтіру жөнінде декларацияға қол қойған болатын. Құжатқа сәйкес, TRIPP жобасы Әзербайжанды Армения арқылы Нахчыван аймағымен байланыстырады.

ҚатыстыTRT Қазақ - Армения мен Әзербайжан Ақ Үйде «жол картасына» қол қойды

Соңғы апталарда Әзербайжан Арменияға бірнеше рет отандық мұнай өнімдерін жөнелтті. Алғашқы жеткізілім желтоқсан айының соңында жүзеге асқан. Бұл ˗ Оңтүстік Кавказдағы екі көрші елдің ұзаққа созылған қақтығыстан кейін қарым-қатынасты жақсартуға бағытталған қадамдарының бірі.

ҚатыстыTRT Қазақ - Әзербайжан Арменияға екінші мұнай партиясын жеткізеді
Іздеу
Ицхак Герцог мінген ұшақ  Қазақстанға  ұзақ айналма бағыт арқылы жетті
АҚШ Иран әуе компанияларына қолдау көрсететін кәсіпорындарға санкция салатынын ескертті
Түркия экспортты арттыру және жаһандық инвестиция тарту үшін ауқымды реформа бастауда
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты
Жевдет Йылмаз: «Түркия инвестициялық ортаны күшейтуде»
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады
Түркия мұсылман қоғамдардың айқындаушы актер болуы керектігін білдірді
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді
Президент Ердоған Трампқа қолдау білдірді
Израиль оппозициясы Нетаньяхуға қарсы бірігуде
Пхеньян мен Мәскеу өзара қорғаныс келісімін растады
Президенттік 7-ші Халықаралық Яхта Жарыстарында Ұлттық Егемендік Кубогы басталды
Қытай Айда екі жаңа минералдың табылғанын хабарлады
Украина дрон өндірісі бойынша жаңа келісім бекітті