СПОРТ
1 ... минут оқылды
Токиодағы бокс турнирінде екі жапон спортшы қаза тапты
Жартылай жеңіл салмақтағы 28 жастағы боксшы Сигетоши Котари мен жеңіл салмақтағы боксшы Хиромаса Уракава 2 тамызда Токионың "Коракуэн Холл" залында өткен бір турнир аясында рингке шыққан болатын.
Токиодағы бокс турнирінде екі жапон спортшы қаза тапты
/ Others

Жапонияда екі боксшы Токиода өткен бір шара кезінде алған ми жарақаттарынан қайтыс болды, деп хабарлады ресми өкілдер.

Жапонияда бір турнирде әртүрлі жекпе-жекте алған бас жарақаттары салдарынан екі боксшы қаза тапты.

Ямато Хатамен 12 раундқа созылған жекпе-жекте Сигетоши Котари көп ұзамай есінен танып, 8 тамызда ауруханада қайтыс болды.

Турнир ұйымдастырушыларының хабарлауынша, оған Токиодағы ауруханада өткір субдуралды гематомаға байланысты ота жасалған, алайда көрсетілген барлық медициналық көмекке қарамастан Сигетоши Котари қайтыс болды.

Сол турнирге қатысқан тағы бір боксшы Хиромаса Уракава Йодзи Саитоға қарсы жекпе-жектің (сегізінші) соңғы раундында шайқасты жалғастыра алмады. Ол алған жарақаттарының салдарынан 9 тамыз күні кешке қайтыс болды.

Дүниежүзілік бокс ұйымы екінші өлімге байланысты әлеуметтік желіде мәлімдеме жасап, "Бұл ауыр хабар Сигетоши Котаридің дәл осы турнирде алған жарақаттарынан қаза тапқанынан бірнеше күннен кейін келіп отыр" деп, марқұмдардың отбасыларына, достарына және жапон бокс қауымдастығына қайғырып көңіл айтты.

Жапония бокс комиссиясының бас хатшысы Цуёши Ясукочи жергілікті БАҚ-қа берген сұхбатында боксшылар ауруханаға түскеннен кейін "Жапонияда алғаш рет бір турнир барысында алған жарақаттарынан екі боксшыға да бас сүйекке ота жасалды деп болжанып отыр" деді.

Іздеу
АҚШ Иран әуе компанияларына қолдау көрсететін кәсіпорындарға санкция салатынын ескертті
Түркия экспортты арттыру және жаһандық инвестиция тарту үшін ауқымды реформа бастауда
Индонезияның Батыс Ява уәлаятында болған пойыз апатынан 14 адам қаза тапты
Жевдет Йылмаз: «Түркия инвестициялық ортаны күшейтуде»
Еуропа Иран соғысы салдарынан энергияға қосымша 32 млрд доллар жұмсады
Түркия мұсылман қоғамдардың айқындаушы актер болуы керектігін білдірді
АҚШ пен Израильдің Иранға қарсы соғысын тоқтату үшін Тегеран не ұсынып отыр?
Израиль Ливанның оңтүстігінде 14 адамды өлтірді
Президент Ердоған Трампқа қолдау білдірді
Израиль оппозициясы Нетаньяхуға қарсы бірігуде
Пхеньян мен Мәскеу өзара қорғаныс келісімін растады
Президенттік 7-ші Халықаралық Яхта Жарыстарында Ұлттық Егемендік Кубогы басталды
Қытай Айда екі жаңа минералдың табылғанын хабарлады
Украина дрон өндірісі бойынша жаңа келісім бекітті
“БҰҰ Жарғысының қағидаттары тікелей шабуылға ұшырап отыр”