Брюссельдегі Сыртқы істер кеңесінің қарсаңында мәлімдеме жасаған Альбарес АҚШ президенті Дональд Трамптың НАТО альянсына қатысты сыни пікірлерінен кейін Еуропа елдері Ресей сияқты ойыншылардың Вашингтонның көмекке келу-келмеуін сынап көруіне қарсы дайын болуы керектігін білдірді. Альбарес: «Күн сайын АҚШ-тың келесі қадамы қандай болатынын уайымдап ояна алмаймыз», — деген сөздерді қолданды.
НАТО-ны әлсіретпейді
Тәуелсіз қорғаныс күшінің НАТО-ны әлсіретпейтінін алға тартқан Испания Сыртқы істер министрі АҚШ-тың өз армиясын күшейтуі альянсқа зиян тигізбегенін еске салды. НАТО ұсынатын тежеуіш күштің қайта қалпына келтірілуі қажеттігін атап өткен Альбарес: «Егер НАТО бұрынғыдай қауіпсіздікті қамтамасыз ете алмаса, еуропалықтар ретінде біз бұдан да көп жұмыс істеуіміз керек», — деді.
Трансатлантикалық қарым-қатынастардағы жаңа кезең
Хосе Мануэль Альбарес АҚШ-тың еуропалықтардың тарихи және табиғи одақтасы екенін, бірақ Трамп әкімшілігінің трансатлантикалық қарым-қатынастарға қатысты жаңа идеялары мен пайымдары бар екенін мойындау керектігін де сөзіне қосты.
Шиеленіс Германия канцлері Фридрих Мерцтің Иранмен жүргізіліп жатқан келіссөздерге қатысты мәлімдемелерінен кейін Трамптың осы айдың басында Германиядан 5 мың сарбазын кері қайтарып алуымен одан әрі ушыға түсті.
Испания — Таяу Шығыстағы оқиғаларға және Трамп әкімшілігінің саясатына қарсы Еуропа ішінде ең қатаң сын айтатын елдердің бірі.
Еуропа армиясы идеясы Трамптың НАТО-дан шығу ықтималы мен Данияның аумағы болып табылатын Гренландияны аннексиялауға тырысуы сияқты даулы мәлімдемелерінен кейін Брюссель дәліздерінде қайтадан ең маңызды күн тәртібіне айналды.

















