ӘЛЕМ ЖАҢАЛЫҚТАРЫ
2 ... минут оқылды
Индонезияда 7,4 балдық жер сілкінісі болды, 1 адам қаза тапты
Малуку теңізінде болған 7,4 баллдық жер сілкінісі аймақтық цунами ескертулеріне себеп болды. Билік өкілдері адам шығынын растау және құрылымдық зақымдарды есептеу жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Индонезияда 7,4 балдық жер сілкінісі болды, 1 адам қаза тапты
Индонезияда 7,4 баллдық жер сілкінісі болды, 1 адам қаза тапты / Reuters
13 сағат бұрын


Бейсенбі күні таңертең ерте Индонезияның шығысындағы Малуку теңізінің солтүстігінде 7,4 баллдық жер сілкінісі болды. Кем дегенде бір адам қаза тауып, аймақтың кейбір бөліктерінде цунами қаупі жарияланды.

“Antara News” агенттігінің хабарлауынша, адам шығыны Манадо қаласында тіркелген. Индонезияның “Metro TV” телеарнасы құрбанның құлаған үйінділердің астында қалып көз жұмғанын хабарлады. Түсірілімдерде аймақтағы ғимараттардың зақымдалғаны көрінеді.

АҚШ-тың цунамиден сақтандыру жүйесі жер сілкінісінің ошағынан 1000 шақырым радиуста толқын көтерілуі мүмкін екенін және бұл Индонезия, Филиппин және Малайзия жағалауларына әсер етуі ықтимал екенін мәлімдеді. АҚШ Геологиялық қызметінің мәліметінше, жерасты дүмпуі 35 шақырым тереңдікте болған, ошағы Тернате қаласынан батыс-солтүстік-батысқа қарай шамамен 127 шақырым жерде орналасқан. Қала халқының саны 205 000-нан асады.

Іздестіру-құтқару жұмыстары жалғасуда

Индонезияның Ұлттық апаттарды басқару агенттігінің басшысы Абдул Мухари Солтүстік Сулавесидегі Манадо мен Битунгта, сондай-ақ Солтүстік Малукудегі Тернатеде топтардың ғимараттарды тексеріп, қосымша шығындардың бар-жоғын тексеріп жатқанын хабарлады.

Мухари Австралияның “ABC News” арнасына берген мәлімдемесінде әр аймақтағы зардап шеккендер саны мен зақымдарды нақтылау үшін әлі де деректер жинап жатқандарын айтты. Ол аймақтық агенттіктерден адам шығыны туралы алдын ала ақпарат түскенін, бірақ нақты сан кейінірек берілетінін жеткізді.

Манадо тұрғындарының бірі адамдардың үрейленіп үйлерін тастап шыққанын, өз ауданында айтарлықтай зақым болмаса да, заттардың жерге құлап, жарықтың өшіп қалғанын айтты. Тернате мен тарихи Дәмдеуіш аралдарының бөлігі болып табылатын Тидоре сияқты бірнеше аймақтың билігі тұрғындарға ықтимал эвакуацияға дайын болуды ескертті.

Индонезия тектоникалық плиталар тоғысатын, жер сілкіністері жиі болатын және жанартаулық белсенділік жоғары Тынық мұхитындағы «Отты шеңберде» орналасқан.


Іздеу
АҚШ президенті Трамп америкалық күштердің Ираннан «екі-үш апта ішінде» шығатынын мәлімдеді
Түркия Косовоны жеңіп, 2026 жылғы Әлем чемпионатына жолдама алды
Түркия тек палестиналықтарға ғана қолданылатын өлім жазасы туралы заңды айыптады
Иран Кувейттің мұнай танкеріне соққы берді
Түркия жаңа жерсерік арқылы ғарыштағы мүмкіндіктерін кеңейтуде
Әзербайжан Сыртқы істер министрі Байрамов Иран Сыртқы істер министрімен сөйлесті
АҚШ Ормуз бұғазына қатысты Иранға жаңа ескерту жасады
Гаитиде банда шабуылынан 70 адам қаза тапты
Түркия Израильдің Шығыс Иерусалимдегі ғибадат шектемелерін айыптады
Ливандағы қақтығыста Израильдің төрт әскері қаза тапты
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерге төлем енгізбек
Мұнай бағасы артып, қор нарығы төмендеді
Суданда 14 бейбіт тұрғын қаза тапты
Иран Парсы шығанағындағы АҚШ нысандарына 5 400-ден астам шабуыл жасады
«Пәкістан АҚШ пен Иран арасындағы келіссөз өткізуді  мәртебе санайды»