САЯСАТ
1 ... минут оқылды
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерге төлем енгізбек
Иран парламентінің мақұлдауына байланысты заң жобасы кемелерден риалмен төлем алуды, сондай-ақ АҚШ, Израиль және Иранға санкция салған елдермен байланысты кемелердің бұғаздан өтуіне тыйым салуды көздейді.
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерге төлем енгізбек
Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерге төлем енгізбек / Reuters
14 сағат бұрын

Жергілікті БАҚ-тың хабарлауынша, сейсенбі күні Иран парламентіндегі бір комитет Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерге төлем енгізу жоспарын мақұлдады.

Ұлттық қауіпсіздік комиссиясынан өткен заң жобасы осы стратегиялық су жолын басқаруға арналған бірқатар ережені енгізуді қарастырады. Олардың қатарында кемелердің Иранның ұлттық валютасы риалмен төлем жасауын міндеттейтін қаржылық талаптар да бар.

«Fars Haber» агенттігінің мәліметінше, комиссия мүшесі Мүжтаба Зареи заң жобасында АҚШ және Израильмен байланысы бар кемелердің бұғаздан өтуіне тыйым салатын шектеулер де қарастырылғанын айтты.

ҚатыстыTRT Қазақ - Иран Ормуз бұғазы арқылы өтетін кемелерден транзиттік төлем алу мүмкіндігін қарастыруда

Қосымша баптар Иранға қарсы санкцияларға қосылған елдердің де бұғаздан өтуіне тыйым салуды көздейді.

Заң күшіне енуі үшін алдымен парламентте дауыс беруден өтіп, кейін Конституциялық Қорғау Кеңесі тарапынан тексеріледі. Соңында президент қол қоюы тиіс.

28 ақпанда АҚШ пен Израиль Иранға қарсы бірлескен шабуыл бастағаннан кейін өңірдегі шиеленіс күшейе түсті. Бұл шабуылдарда сол кездегі рухани көсем Әли Хаменеиді қоса алғанда 1340-тан астам адам қаза тапты.

Иран бұған жауап ретінде Израиль, Иордания, Ирак және АҚШ-тың әскери нысандары орналасқан Парсы шығанағы елдеріне ұшқышсыз ұшақтар және зымырандармен соққы жасады. Бұл шабуылдар адам шығыны мен инфрақұрылымның күйреуіне әкеліп, жаһандық нарық пен авиацияға да кері әсерін тигізді.

Іздеу
Израиль полициясы Латын патриархын тоқтатты
Израильдің Газаға жасаған шабуылында бірі бала, барлығы 6 палестиналық қаза тапты
Президент Босния және Герцеговина Мемлекеттік кеңесінің төрағасы Бечировичті қабылдады
Ливанның оңтүстігіне жасалған Израиль шабуылынан үш журналист қаза тапты
Иранның шабуылында АҚШ-тың 12 сарбазы жараланды
2026 Стратегиялық коммуникация саммиті (STRATCOM) Стамбулда басталды
Ердоған: «Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі халықаралық жүйе заңдылық дағдарысын бастан кешіруде»
Мұнай бағасы төмендеуде
Анкара Қаратеңіздегі қауіпті мұқият бақылауда
Түркия футбол құрамасы Румынияны жеңді
Зангезур дәлізі бес жыл ішінде шығыс-батыс байланысын нығайтады
Мұнай танкері Стамбул маңында шабуылға ұшырады
Алтын бағасы төмендеді
Иран АҚШ-пен келіссөздерді жоққа шығарды
АҚШ армиясы Кариб теңізінде қайыққа шабуыл жасады