Медициналық дереккөздердің “Анадолы” агенттігіне берген мәліметіне сәйкес, Газада Израильдің дрон шабуылы салдарынан екі палестиналық қаза тапты.
Жергілікті дереккөздер мен куәгерлердің айтуынша, аталған шабуыл дүйсенбі күні қаланың оңтүстігіндегі Зейтун ауданында бір топ палестиналықты нысанаға алған.
Куәгерлер Израиль армиясының Газаның шығысындағы әт-Туффах ауданында «сары сызық» деп аталатын аймақтың шығысында орналасқан ғимараттар мен нысандарды қиратқанын хабарлаған.
Израиль артиллериясы сондай-ақ Газаның орталық және оңтүстік бөліктеріндегі Дейр әл-Балах пен Хан Юнистің шығысындағы аудандарды да атқылады.
Соңғы шабуылдан кейін жексенбі таңынан бері Газа аумағында Израиль шабуылдарынан қаза тапқаны хабарланған палестиналықтар саны 11-ге жетті.
Медициналық дереккөздердің мәліметінше, жексенбі күні Хан Юнистің батысында палестиналықтар жиналған аумақты нысанаға алған екі Израиль шабуылы салдарынан сегіз палестиналық қаза тапты.
Кейінірек Бани Суһайла қиылысы маңында Израиль армиясының оғынан тағы бір палестиналық мерт болды.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің деректеріне сәйкес, Израиль күштері 10 қазаннан бері күшіне енген бітімді күн сайын бұзып келеді.









