Данияда 6 мың 500-ден астам ерікті әскери қызметші қатысқан, қырғи-қабақ соғыстан (1947–1991) бергі ең ауқымды әскери оқу-жаттығу басталды.
Данияның “DR” телеарнасының хабарлауынша, «Bluetooth» деп аталатын әскери оқу-жаттығу Дания барлау қызметінің «Ресей гибридті соғыс әрекеттерін күшейтуі мүмкін» деген ескертуінен кейін ұйымдастырылды.
Дания Қарулы күштерінің еріктілерден құралған “Home Guard” жасағының 6 мың 500-ден астам әскери қызметшісі қатысқан оқу-жаттығу Ютландия аймағында өтіп жатыр. Бұл — қырғи-қабақ соғыстан бері елде ұйымдастырылған ең ауқымды әскери оқу-жаттығу.
Жексенбіге дейін жалғасатын оқу-жаттығуға қатысушылар гибридті шабуылдар мен диверсиялық әрекеттерге қарсы іс-қимыл жасау бойынша дайындықтан өтеді.
















